Air Astana тарифтерін төмендетеді
Air Astana тарифтерін төмендетеді
Қазақстанның Президенті «ашық аспан» бағдарламасы арқылы елімізге көбірек әуекомпанияларды тарту қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар ел ішіндегі әуетасымалдарға қолжетімді тарифтер арқылы Қазақстан азаматтарының мобильдігін қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. Фостер мырза Air Astana толығымен «ашық аспан» бағдарламасын және қазіргі таңда қазақстандық тасымалдаушылар орындамайтын бағыттарда әуе кеңістігінің 5-ші деңгейін шетел әуекомпанияларына беруді қолдайтынын айтты.
Әуетасымалдарға тарифтер жайында Фостер мырза FlyArystan ішкі бағыттарда әлемдегі ең арзан тарифтердің бірін ұсынатыны, соның нәтижесінде Қазақстан әлемдегі әуе тасымалы бойынша ішкі нарығы жылдам дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылғаны туралы хабарлады. Дегенмен Питер Фостер әуебилеттеріне сұраныс шарықтаған кезде, тура ұшар алдында сатып алынатын эконом-кластағы тарифтер біршама жоғары болуы мүмкін деп мойындады және Нұр-Сұлтан мен Алматы, Алматы мен Атырау, Нұр-Сұлтан мен Атырау арасындағы бағыттарда бұл тарифтерді тез арада 10%-ға төмендетуге міндеттеме берді.
Президент Тоқаев дүниежүзілік қаржы орталықтарына рейстерді ашу туралы, атап айтқанда Қазақстан мен Сингапур арасындағы рейстерді ашу туралы сөз қозғады. Фостер мырза Сингапур қазақстандықтарға біршама қымбат бағыт болғанымен Сингапур азаматтарының Қазақстанға сапар шегу әлеуеті, әсіресе Өзбекстанға қоса барғанда зор деді. Фостер мырза Сингапурдан көшпелі туризмді дамыту үшін және биыл тікелей рейстер ашу үшін Мәдениет және спорт министрлігімен жұмыс істеуге міндеттелді. Air Astana басшысы компанияның әуе паркін жаңарту бойынша шаралар туралы баяндады. Қазіргі таңда Boeing-757 ұшақтары ұзақ жолға арналған Airbus А321LR әуе кемесіне алмастырылып жатыр, ал 2023 жылға дейін Boeing-767 ұшақтары Boeing-787 ұшақтарымен алмастырылады. Фостер мырза Boeing-757 ұшақтары әуекомпаниясы флотынан шығарылғаннан кейін Air Astana әлемдегі ең жаңа ұшақтар әуепаркінің бірі болып, 2022 жылдың соңында жалпы ұшақ саны 54 бірлікке дейін жетпек деді. Кездесу соңында Президент Тоқаев еліміздің көлік инфрақұрылымының дамуында
Air Astana-ның маңызды үлесін атап өтті. Фостер мырза Мемлекет басшысын ұлттық тасымалдаушы авиация саласындағы барлық ұлттық басымдықтарды толығымен жүзеге асыруға қамтамасыз ететініне сендірді.
Серік ӘЛІМЖАНОВ,
Алматы