Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жетті

25 ақпан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 77 658 адамға жетті

Соңғы тәулікте Қытайда 508 адам коронавирус жұқтырған. Елде қауіпті індеттен көз жұмғандар саны 2663 адамға жетті. 

Бүгінде ҚХР-да пневмонияның ауыр түріне шалдыққандардың жалпы саны – 77 658 адам. 27 232 адам емделіп, ауруханадан шықты.

РИА Новости мәліметінше, соңғы тәулікте көз жұмғандардың барлығы – Хубей провинциясының тұрғындары.

Еске сала кетейік, бұған дейін коронавирус тараған елдер қатары тағы 3 мемлекетпен толыққанын хабарлаған болатынбыз. Кувейтте 3 адам, Бахрейнде 1 адам және Ауғанстанда 1 адам қауіпті кеселді жұқтырғаны белгілі болды. Кувейт және Бахрейнде вирус жұқтырғандар таяуда Ираннан келген. Соңғы дерек бойынша Иранда COVID-19 вирусы 43 адамға жұққан. Ал Кувейтте үш адам вирус жұқтырған. Ауғанстанның денсаулық сақтау министрінің айтуынша, елде үш адам вирус жұқтырды деп тексерілген. Алайда тексеріс нәтижесі біреуінде ғана вирус барын көрсеткен.