Ақмола облысында 125 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін

25 ақпан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Ақмола облысында 125 елді мекенді қызыл су басуы мүмкін Ақмола облысында 125 елді мекеннің су астында қалу қаупі бар.  Мамандардың айтуынша, ең қауіпті аймақтар – Ерейментау, Целиноград, Аршалы, Астрахань, Атбасар мен Сандықтау аудандары. Қазір облыста көктем маусымына дайындық басталды. 700 мың текше метр қар полигондарға шығарылды. Қауіп төнген жағдайда топан судың жолын бөгейтін 6 тоннадан астам инертті материал дайындалған. Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Алексей Советовтің сөзіне сүйенсек, көктемгі су тасқынымен күреске 2 мыңдай маман дайын. 979 техника әзірленген. Инерттік материалдар, жанар-жағармай мен қаптар да даярланыпты. Қажет болса, оңтүстік өңірлерден құтқарушылар көмекке келмек.