Жаңалықтар

Бауыржан Байбек шымкенттіктерді алаңдатқан мәселелермен танысты (видео)

ашық дереккөзі

Бауыржан Байбек шымкенттіктерді алаңдатқан мәселелермен танысты (видео)

«Nur Otan» партиясы басшылығының аймақтарға сапары осы аптада еліміздің Оңтүстік өңірлерінде жалғасты. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек алдымен Шымкентке ат басын тіреп, қаладағы бірқатар проблемалық нысандарды аралады. Сондай-ақ бүгін кезектен тыс конференцияда қала әкімі Мұрат Әйтенов қалалық филиал төрағасы болып сайланды. Ол жұмыс сапарын қала әкімімен бірге Шымкенттің Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесінің өткен жылы үйлері өртенген тұрғындарымен кездесуден бастады. Бұл проблемалық нысан партия төрағасы Бірінші орынбасарының алдыңғы сапарының қорытындысы бойынша қыркүйекте партиялық бақылауға алынған болатын. Қазіргі уақытта «Отау строй» құрылыс компаниясы тұрғын үйдің іргетасын қалап, екінші қабатына құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуде.