АҚШ мамандары коронавируcтан сақтанудың 10 тәсілін айтты

Сондай-ақ!

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Әлемдегі ең бай адам өзінің күн тәртібі туралы айтты

Forbes нұсқасы бойынша жер бетіндегі ең бай адам Джефф Безос өзінің күнделікті өмірі мен маңызды шешімдерді қалай қабылдайтыны туралы айтты. Бұл туралы Ladbible ақпарат...

Майк Тайсон және Рой Джонс жекпе-жек үшін қанша ақша алады?

Америкалық кәсіпқой боксшылар Майк Тайсон және Рой Джонс 29 қарашада өтетін жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды. Yahoo! Sports мәліметінше, Тайсон бұл кездесу үшін...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Қытайдан шыққан коронавирус әлем халқын әбігерге салып отыр. Бұл жөнінде АҚШ-тың Foreign Policy журналында мамандар бірлесіп, коронавирус жөнінде әзірге толық мәлімет жинай алмаса да, MERS, SARS сияқты жұқпалы аурулармен күрескен елдердің тәжірибесін қолдана отырып, сақтану амалдарын қолға алды. Мамандар өзіңізді және отбасыңызды Covid-19 вирусынан сақтанудың қарапайым 10 тәсілін ұсынады.

1. Үйден шыққан кезде міндетті түрде қолғап киіңіз. Қоғамдық мекемелер мен көліктерде жүрген кезде қолғабыңызды шешпеңіз. Сондай-ақ үйге келгеннен кейін сырт киіміңізді жуып, залалсыздандырыңыз.

2. Егер сіз қоғамдық орындарда қолғабыңызды шешіп тамақтанған кезде немесе кез келген адаммен қол ұстасып амандасқан жағдайда қаншалықты қышынса да қолыңызды бет, көз және мұрныңызға жолатпаңыз. Қол жуған кезде жақсылап сабындап, жылы сумен жуып, кепкеннен кейін қолғабыңызды киіңіз. Мүмкіндігінше басқалармен қол ұстап амандасудан бас тартып, бас изесіп сәлем беріңіз.

3. Масканы тұрақты алмастырып, қолғап сияқты сырт киіміңізді үнемі жуып тұрыңыз. Қандай жағдайда да ылғалды киім киюге болмайды. Өйткені коронавирус ылғалды ортада төзімді болуы мүмкін.

4. Маскалар ең көп дегенде 1-2 сағат тағуға ғана арналады. Кейбір жағдайда масканы қолдану да көп нәтиже бермейді дейді кейбір мамандар. Не десе де, масканы ұзақ уақыт пайдаланудың пайдасынан гөрі зияны көп. Себебі сырт киім, куртка, мойынорауыштың ішінен таққан маска жиналған ылғалмен жылы жерге кірген кезде нашар иіс шығарады. Бұл сіздің ауыз қуысыңыздан шыққан жағымсыз иіс. Мұндай орта вирустың көбеюіне себеп болады. Сондықтан мүмкіндігінше көпшілік жиналған жерлерден алыс жүру қажет. Жалпы жұқпалы ауру өршіген кезде қарым-қатынас жасау үшін адамдармен 1 метрдей қашықтықтан әңгімелескен дұрыс. Көптеген елдер мұны ең тиімді тәсіл деп көреді. Егер кімде кім түшкірініп, жөтеліп жүрсе, басқаларды қорғау үшін маска тағуға кеңес беріңіз. Мұндай жағдайда 3 метрден алыс қашықтықта сөйлескен жөн және өте қажет болмаса ол адамнан қашыққа кетіңіз.

5. Үй жағдайында тазалық бөлмесі мен асханадағы барлық орамалдарды тұрақты залалсыздандырып немесе отбасы мүшесінің әрқайсысына жеке-жеке жаңа орамал берген дұрыс. Ал кеңсе жағдайында бір жолы пайдаланатын орамал, кептіргіштерді қолдану қажет. Қаншалықты тұрақты қолыңызды жуғаныңызбен таза, құрғақ орамалмен сүртпесеңіз, әртүрлі микробтар мен бактериялар таралу қаупін туғызады. Мұндай жағдайда қолды жуғаннан кейін кептірген көп жөн. Ылғалды орамал көптеген түрлі тұмау, тұмау тектес аурулар вирусының көбейетін ыңғайлы ортасы болады.

6. Есікті ашқанда мүмкіндігінше қолмен ұстамаңыз. Есікті тізеңіз, аяғыңыз, иығыңыз қатарлы екі қолыңыздан басқа мүшелермен ашуға тырысыңыз. Есік тұтқасына көптеген вирустар мен микробтар жабысып қалатындықтан жоғарыда айтқандай қолғап кию қажет. Сондай-ақ тұтқаларды тұрақты залалсыздандырып, тазалап жақсылап кептіріңіз. Сатының ұстайтын жері, ұялы телефон, теледидардың басқару пульті, компьютердің пернетақтасы және тінтуірін тұрақты тазалап отырған жөн. Қайталап айтқанда, қандай затты ұстасаңыз да, сол қолыңызбен бет, көз, мұрныңызды шұқылауға мүлдем болмайды.

7. Тамақтанған кезде тек ғана өзіңізге тиесілі кесе, табақ, шанышқы, қасықты пайдаланыңыз. Ең негізгісі, балаңызға басқалардың тамақтанған кесесімен тамақ ішпеуді, шырын ішкішті алмасып пайдаланбауды ескертіңіз. Мамандар Қытайда көптеген түрлі жұқпалы аурулардың үнемі шығатын бір себебі олардың тамақты бір табақтан бөлісіп жеу мәдениетіне байланысты деп көреді. Сондықтан вирустың таралуы күшейген осындай кезде мұндай дәстүрден бас тарту керек. Себебі сіз қанша өзіңіздің қасығыңыз бен шанышқыңызбен үлкен табақтан ас алдым дегеніңізбен ол табаққа келесі бір адамның сілекейі жұққан қасығы немесе шанышқысы қайта салынатынын естен шығармаңыз. Жұқпалы аурулар күшейген кезде көпшілік тамақтану орындарына барғаннан бас тартыңыз.

8. Вирустың қайдан таралғанын ғалымдар нақты анықтағанша жан-жануарлар, балық сияқты теңіз өнімдерін пайдалануға болмайды. Шикі етті ұстаған кезде бір рет киетін қолғапты пайдаланыңыз және оны дереу жойыңыз. Тіпті оны қоқыс жәшігінде де сақтауға мүлдем болмайды.

9. Үй және кеңсенің есік терезесін ашып, ауа алмастырып тұрыңыз. Себебі вирус ауа жақсы алмасқан жерде көбейе алмайды. Бірақ қысқы уақытта бөлменің температурасын қалыпты ұстау үшін терезені көп ашып қоюға болмайды.

10. Сіз міндетті түрде ыстығы көтеріліп, қандай бір аурудың белгісі білінген отбасы мүшесін қарап отырған жағдайда маска киіңіз. Сырқаттанған адамның маскасын ауыстырған кезде бір реткі резеңке қолғаппен оны шешіп, дереу залалсыздандырыңыз. Сондай-ақ науқастың беті-қолын жуған кезде үнемі резеңке қолғап киіп, бір реткі қолданатын заттарды пайдаланған жөн. Өзіңізді қорғау үшін ұзын мойын мен етекті киім киіңіз. Егер мүмкіндік болса, сырқатты жеке бөлмеде күтіп, үй қабырғаларын тұрақты залалсыздандырып отыру қажет. Ең негізгісі, үйде науқас адам болған жағдайда ауа алмастырған кезде сол жағдайды да ескерген жөн. Бөлменің температурасының суытуы науқастың жағдайын одан ары төмендетеді.

Қытай үкіметі коронавирус таралуына байланысты күн сайын арнайы шаралар қолданып жатыр. Вирус ондағы елге ауыр салмақ салары анық. Егер басқа елде де мұндай жағдай болса, олар да сондай шара қолдануға мәжбүр болады. Ғалымдар бұл ауруға қарсы вакцина мен емдеу жолдарын табу үшін атсалысуда және нәтиже де жоқ емес. Сондықтан ғылым жеңіске жеткенге дейін сіз өзіңіз бен өзіңізге жақын адамдарыңызды өлім қаупінен қорғап сақтандыра аласыз. Сондықтан елмен бірге құр дүрліккеннен гөрі алдын алу шараларын жауапты түрде жүзеге асыру ең дұрысы.

Материалды дайындаған

Бақыт БЕКОВ

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...
Марадона

Марадонаның ұлы жансақтау бөлімінде жатыр

Диего Марадонаның ұлы коронавирустан емделіп жатыр. Ол әкесінің қайтыс болғанын өзіне хабарласқан...

Нил Уотсон: журналист әрқашан ақпараттың шынайылығы мен сапасына жұмыс істеуі керек

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетінің студенттеріне британдық журналист,...

Тұтқындар көзі мен ауызын тікті: жаға ұстатар видеодан соң колония тексеріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде Жезқазған қаласының АК-159/25 тұтқындары көз-ауыздарын тігіп, колония басшылығының әлімжеттігі мен...

Түркістан облысында жөндеуден өткен жолдар сапасыз – Жемқорлыққа қарсы агенттік

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданыда жуырда ғана жөнделген жолдар сапасыз болып шықты. Мұндай...

Қостанай облысының әкімі Президент сынына жауап берді

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...