Тоқаев Палымбетовтің отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады

Сондай-ақ!

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті жұқтыру қаупіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысында ветеринариялық-санитариялық бақылау күшейтілді, деп хабарлайды AstanaTV. Қазақстанға...

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы мүмкін. Бұл туралы БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ҰҚЖ) директоры Дэвид Бизли мәлімдеді,...

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды. Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 2020 жылдың 5 желтоқсанында болғанын...

Қытай «жасанды күнді» іске қосты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду қаласында "Жасанды күн" деп аталатын HL-2M жаңа буын термоядро реакторы пайдалануға берілді деп хабарлайды Синьхуаға агенттігі. Құрылғы экологиялық таза энергияны зерттеу үшін...

ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 312-бабына сәйкес Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымындағы мерзімнің аяқталуына байланысты Болат Палымбетов өз еркімен қызметінен босату туралы өтініш жазды. Президент бизнес-омбудсменнің өтінішін қанағаттандырды.

4 жылда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қандай жұмыс атқарылды?

2016 жылы бизнес-омбудсменнің алдына нақты міндет қойылды, ол– кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау. Бұл, ең алдымен, бизнестің дамуына кедергі келтіретін тосқауылдар, Қылмыстық және Қылмыстық-әкімшілік кодекстегі олқылықтар, адал бәсекелестікті және бизнесті дамытуға кедергі келтіретін рұқсат беру, лицензиялық, сыбайлас жемқорлық кедергілері.

Төрт жыл ішінде Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлермен кездесулер өткізіліп, олардың жиі кездесетін мәселелері зерделенді.

«Түскен өтініштердің басым бөлігі қылмыстық істерді заңсыз қозғау тақырыбына және жалпы алғанда қылмыстық кодекстің репрессивтілігіне қатысты болды. Сондықтан да біздің қызметіміздің негізгі басымдығы экономикалық қылмыстар бойынша қылмыстық заңнаманы ізгілендіру және қылмыстық сипаттан арылту болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау 600-ден астам бас бостандығынан айырылған кәсіпкерге экономикалық қызметке қайта оралуға мүмкіндік берді», – дейді Болат Палымбетов.

Қылмыстық кодекске түзетулер енгізілді. Бас прокуратура мен «Атамекеннің» экономикалық құқық бұзушылықтар үшін санкцияларды азайту жөніндегі бірлескен ұсыныстары ескерілді. Атап айтқанда, «Жалған кәсіпкерлік туралы» 215-бап алынып тасталды, алты бапқа, егер әрекет алғаш рет жасалса және мемлекет пен қоғамға қауіп төндірмесе, және кәсіпкер залалды өз еркімен өтесе, жауапкершіліктен босату туралы ескертпелер енгізілген. Осылайша, бизнес қызметін тоқтатпай экономикалық айналымда қалуға, экономиканы дамытуға одан әрі үлес қосуға мүмкіндік алды.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды тіркеу рәсімдеріне елеулі өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде, экономика саласындағы қылмыстық істерді тіркеу 8 есе қысқарды, 2015 жылы 8 170 іс тіркелсе, 2019 жылы бұл көрсеткіш 1053-ке дейін төмендеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларына және кәсіпкерлік қызмет кедергілеріне қатысты заңнамаға талдау жүргізілді. Бірлескен жұмыс осы мәселелерді шешуге бағытталған», – деп, атап өтті бизнес-омбудсмен.

Қазақстан әлемнің көптеген елімен экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асырып отыр. Сондықтан да басқа мемлекеттердің аумағында отандық бизнесмендердің өз мәселелерімен жалғыз қалмауы біз үшін өте маңызды.  Осы мақсатта Ресей, Өзбекстан және Грузияның бизнес-омбудсмендерімен Өзара көмек және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Осы елдердің бизнес-омбудсмендерімен өзара іс-қимыл аясында бизнесті қорғау мәселелері бойынша ақпарат алмасу жолға қойылған, кәсіпкерлерге қатысты заңсыз әрекеттер жасаған тұлғаларды жауапкершілікке тартуға және олардың мүлкін (тауарларды, ақша қаражатын және т.б.) қайтаруға жәрдем көрсетіледі, сондай-ақ дауларды сотқа дейін реттеу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Жалпы, Қазақстанда бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларға халықаралық рейтингтік ұйымдар оң баға беріп отыр. Егер «Doing Business 2017» рейтингісінде Дүниежүзілік банк есебінің деректері бойынша Қазақстан 35-орында болса, «Doing Business 2020» (2019 жылғы 24 қазанда жарияланған) нәтижелері бойынша Қазақстан 25-орынға көтерілді.

Бүгінде Мемлекет басшысының қолдауының арқасында Қазақстанда бизнес ортаны жетілдіру бойынша жүйелі және ауқымды жұмыс жалғасып жатыр. Бизнес-омбудсмен институты осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысты толықтыруға және күшейтуге мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының Өкімімен Рустам Манарбекұлы Жүрсінов Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне тағайындалды.

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...
Балжан Бидаш

Біз кездескен емеспіз: Балжан Бидаш актер Жаханға тұрмысқа шықты

Бұған дейін бұл жұп бірнеше вайн түсіріп, желі қолданушыларының оң бағасын алып жүрген...
шошқа обасы

Қазақстанмен шекара аймақта шошқа обасының өршуі тіркелді

Қазақстанмен шекара Ресейдің Омбы облысында африкалық шошқа обасының өршуі тіркелді. Сол себепті...
ашаршылық

Ашаршылық алдында тұрған адамдардың саны 270 миллионға жетті

2021 жылы әлем соңғы 75 жылдағы ең ауыр гуманитарлық дағдарысқа тап болуы...
қылмыс

Бурабайдағы пәтерден төрт әйелдің денесі табылды

Ақмола облысының Бурабай кентінде тұрғын үй пәтерлерінің бірінен төрт әйелдің денесі табылды....
реактор

Қытай «жасанды күнді» іске қосты

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Чэнду қаласында "Жасанды күн" деп аталатын HL-2M жаңа буын термоядро...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...