Жаңалықтар

Коронавирус таралуына байланысты әйгілі "Ла Скала" театры жабылды

ашық дереккөзі

Коронавирус таралуына байланысты әйгілі "Ла Скала" театры жабылды

Коронавирустың таралуына байланысты Миландағы опералық "Ла Скала" театры уақытша жабылып қалды, деп хабарлайды ТАСС

Пневмонияның жаңа түрі өршуіне байланысты қаладағы ірі көркем сурет галереясы "Брера" да уақытша жабылды. 

Сондай-ақ, Венециядағы карнавал шұғыл түрде тоқтатылды. Қазіргі уақытта Италия басшылығы 1 наурызға дейін жоспарланған әртүрлі мемлекеттік, жеке, спорттық шаралардың барлығын тоқтатқан.

Ломбардия облысының губернаторы 100-ден астам коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген соң мектеп жұмысын тоқтататын қаулыға қол қойған.

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны екі күн ішінде 132 адамға жеткен. Екі адам қайтыс болған. Елдің Ломбардия мен Венето облыстары коронавирус ошағына айналып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Оңтүстік Кореяда коронавирусқа байланысты қауіптіліктің қызыл деңгейі жарияланғанын хабарлағанбыз. Елде қауіпті инфекцияны 763 адам жұқтырған.