Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 79-ға жетті
Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 79-ға жетті
Италияда коронавирусты жұқтырған науқастар саны 79 адамға жетті. Дерт Италияның бес өңірінде анықталған. Мемлекеттің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған.
Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай - Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (мұнда қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте", - деді Азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борелли министрлер кеңесінің шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.
Анджело Бореллидің дерегінше, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің белгілері анықталмаған.
Жұма, 21 ақпанда Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды.
Сенбіде, Ломбардия облысының Кодоньо қаласындағы ауруханада пневмониядан жергілікті тұрғын 77 жастағы әйел қайтыс болғаны белгілі болды.
Euronews мәліметінше, 15 мың тұрғыны бара қалашықта тұрғындарға сыртқа шықпауға, балаларды мектепке жібермеу және шіркеуге бармау ұсынылған.