Жаңалықтар

Идлиб дағдарысы: Ердоған, Путин, Макрон және Меркель Стамбұлда бас қосады

ашық дереккөзі

Идлиб дағдарысы: Ердоған, Путин, Макрон және Меркель Стамбұлда бас қосады

5 наурызда Стамбұлда Сирияның Идлиб қаласындағы дағдарысты реттеуге бағытталған үш жақты саммит өтеді. Жиынға Ресей, Фрация президенттері және Герман канцлері қатысады. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп хабарлайды CNN Turk. 20 ақпанда телефонмен тілдесу кезінде Меркель мен Макрон Путин мен Ердоғанға  Идлибтағы дағдарысты реттеу мәселесін талқылау үшін кездесуді ұсынған. Бұған дейін 2018 жылдың қазанында төрт ел басшысы кездесіп,  Сириядағы жағдай жөнінде саммит өткізген еді. Ақпан айының басында Түркия және Ресей әскерилері тыныштық режімін енгізудің кезекті шарасын жасағаннан кейін Идлибтегі жағдай ушығып кетті. Лаңкестер өз шабуылын үдете түсті. 11 ақпанда Түркияның көмегімен Сирия оппозициясы Идлибтегі әскерге шабуыл жасады. Ресей қолдауына сүйенген Сирия әскери жасағы бұл шабуылға тойтарыс берді.