Дүйсенбі, 28 Қараша, 2022

Жамбылда медицина қызметкерлері тапшы

Жамбыл облысында дәрігер мамандар тапшы. Қазір өңірге 250 білікті медицина қызметкері қажет.

Әсіресе акушер-гинеколог, неонатолог, анестезиолог-реаниматолог, кардиолог мамандар жетіспей жатыр, деп хабарлайды 24.kz. 

Өткір мәселені шешу үшін аймақта кешенді шаралар қолға алынған. Жас мамандарды тұрақтандыру мақсатында жергілікті бюджеттен 236 адамға 188 миллион теңге қаржылай көмек берілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар да осыған бағытталып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында соңғы 3 жылда 400-ге жуық жас маман тартылып,  әлеуметтік қолдау көрсетілді. Олардың дені ауылды жерлерге жұмысқа орналастырылған. 

«Бұдан бөлек баспана алуға жеңілдетілген несие қаржысы да қарастырылған. Ал аудан, ауылдарда арендалық үйлер мен жатақханалар, қызметтік пәтерлермен қамтылады. Жалпы қаладағы медициналық мекемелерге 124, ал ауылда 126 дәрігер керек. Бұл статистика әрине бір күнде шыққан жоқ. Жылдар бойы қалыптасып отыр. Сондықтан жүйені қалыпқа келтіру үшін жоспарлы түрде әрекет етіп жатырмыз», – дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жібек Исаева.  

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button