Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

Ресей президенті Владимир Путин күн сайын спортпен шұғылданады және самбо күресінің жаттығуларын қалдырмайды. Президенттің спорттың бұдан өзге қай түрлерімен шұғылданатынын баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтып берді.

– Президенттің жеке спорттық арсеналдарының қатарына хоккей қосылды. Сондай-ақ, ол жүзумен тұрақты айналысады, самбо күресінің жаттығуларын үзбейді. Ал жалпы фитнесті күнделікті тәжірибеге  айналдырған, – деді Песков «Первый каналға» берген сұхбатында.

Ресей президентінің салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен белсенді түрде шұғылданатыны жайлы ресейлік БАҚ жиі жазады. Ол 11 жастан бастап шығыс жекпе-жегімен айналысады, Путин  — дзюдо мен самбодан спорт шебері.

Путиннің өзге әріптестері де спорттан алыс емес.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен теннис пен тау шаңғысы спортына басымдық бергені мәлім. Ал еліміздің қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үстел теннисін шебер ойнайды.

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

АҚШ президенті Дональд Трамп орта мектепте бейсбол және футболмен айналысқан. Ал қазір гольф ойнауға құмар.

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

Беларусь президенті Александр Лукашенко да бірнеше спорт түрімен шұғылданады. Атап айтқанда, хоккей, теннис, шаңғы жарысы және велоспортты жақсы көреді.

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон бос уақытында үлкен теннис ойнайды.

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

Ал Германия канцлері Ангела Меркель скандиналық серуенге әуес.

Мемлекет басшылары спорттың қай түрімен шұғылданады?

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button