Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Коронавирус таралуын шектеу үшін Иран билігі мектептерді жапты

Иранның бірқатар провинциясының билігі коронавирус таралмауы үшін бірқатар оқу орындарын жабу туралы шешім қабылдады.

ИРНА-ға сілтеме жасаған ҚазАқпараттың хабарлауынша, алғаш рет коронавирус тіркелген Кум провинциясында екі күнге – жексенбі және дүйсенбі күндері барлық мектептер мен жоғары оқу орындарын жабу туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Тегеран, Керманшах, Хамедан, Казвин, Ардебиль, Мазандаран, Альборз және Голестан провинциялары да осындай ұйғарымға келді. Маркази және Гилян провинцияларында оқу орындарын бір аптаға жабу туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек коронавирустың таралуына жол бермеу жедел штабы елде 10 күнге – 24 ақпаннан 5 наурызға дейін барлық спорттық шаралардың тоқтатылғанын хабарлады.

Иранның мәдениет министрлігі де 28 ақпанға дейін елде ешбір мәдени іс-шара болмайтынын жариялады. Иранда жаңа типті коронавирус жұқтырғандар саны 29 адамға жетті, алты адам қайтыс болды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button