Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Коронавирус: Қытайда жабайы жануарларды жеуге тыйым салынды

Аурудың алдын алу мекемелерімен медициналық мамандардың алғашқы тексеру-зерттеуінің нәтижесіне сәйкес, коронавирус ауруының жабайы жануарлардан адамзатқа жұғуы, одан адамдар арасында таралуға себепші болу мүмкіндігі өте зор болып отыр. Бұл туралы kazakh.people.com.cn жазды.

«3 ақпан күні Мемлекеттік базар бақылау-басқару бас мекемесі, Экологиялық қоршаған орта министрлігі, Мемлекеттік орман шаруашылығы және жайылым мекемесі секілді 10 министрлік пен комитет (мекеме) жабайы жануарларды заңға қайшы саудалауға тыйым салу үшін арнаулы заң ережесін бірлесіп белгіледі. Індет таралған мезгілде бүкіл ел бойынша ең қатаң басқару-тізгіндеу шаралары атқарылып, жабайы жануарларды саудалауға жаппай тыйым салынды» деп жазады БАҚ.

Осы орайда Қытайдың Жабайы жануарларды қорғау қоғамы арнайы үндеу жариялады.

Қытайдың жабайы жануарларды қорғау қоғамы: «Жабайы жануарларды азық ретінде жеуді тоқтатайық және оларға еш жақындауға болмайды. Қажет болған жағдайда қауіпсіз аралықты сақтайық. Мұндай тыйым салынған жануарларды заңсыз саудалайтын базарлар және заңға қайшы әрекеттер байқалса, сол жердегі басқарушы немесе заң атқару орындарына дереу хабарлансын», – деп мәлімдеді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button