Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

«Еңбек» бағдарламасы: грант сомасы 1 млн теңгеге дейін ұлғая ма?

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында «Еңбек» бағдарламасы аясында берілетін гранттар сомасы 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылуы мүмкін екенін айтты.

ҚазАқпараттың мәліметінше, ел Үкіметі Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында берілетін гранттардың сомасын 1 млн теңгеге дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастырып жатыр.

«Қазіргі уақытта оның атаулылығын қамтамасыз ету және қажеттілікті айқындау үшін мұндай гранттарға үміткерлер тұлғалардың нақты санаттарын белгілеу бойынша мәселе қарастырылып жатыр. Бұл ретте 2020-2021 жылдарға арналған бюджеттің қалыптастырылып қойғанын ескере отырып, қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі мемлекеттік гранттарды төлеуге арналған өңірлердің қажеттілігін ескеру арқылы республикалық бюджетті нақтылау барысында қарастырылады», – деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке (505 мың теңге) дейінгі мөлшерде беріледі. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты қажетті мүкәммалды, еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button