Түркістан облысында жаңа футбол клубы құрылды

Түркістан облысының «Темірлан» футбол клубы Қазақстан біріншлігінде өнер көрсете бастайды, –  деп жазды KazFootball.kz.

Команда заңды түрде 2020 жылдың қаңтар айында құрылған және Шымкенттен 40 шақырым жерде орналасқан Ордабасы ауданындағы Темірлан ауылының намысын қорғайды. Үй матчтары клуб ауылдағы Қажымұқан атындағы стадионда ойнайтын болады.

«Темірлан» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкентте өткізді. Клуб ойыншыларды іріктеді және алты бақылау матчын ойнады. Келесі жиын 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында өтеді.

«Темірланның» бас жаттықтырушысы болып 64 жасар қазақстандық Шайзидин Кенжебаев тағайындалды. Оның ассистенттері Фанас Салимов және мансабын аяқтаған Рахматулла Жакудаев болды. Команда құрамында Түркістан облысының жас футболшылары бар.

2019 жылы Түркістан облысында «Тұран» футбол клубы ашылады. Сондай-ақ, Түркістанда жабық стадион, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған «Тұран» спорт клубы, «Түркістан» кәсіби бокс клубы, ату мектебі, мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер футбол мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі салынады.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button