Жексенбі, 4 Желтоқсан, 2022

Биыл «Е-saraptama» ақпараттық жүйесі іске қосылады

ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында осылай делінді.

ҚазАқпараттың мәліметінше, министр: «Сот-сараптама органдарының инфрақұрылымын одан әрі оңтайландыру және жетілдіру аясында материалдық-техникалық базаны жақсарту бойынша кезең-кезеңімен жұмыс жүргізілуде. Сот сараптамалары орталығының 2019 жылы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сәйкес жалпы сомасы 800,6 млн теңгені құрайтын зертханалық құрал-жабдықтар сатып алынды. Ал 2020 жылға 902,3 млн теңге жоспарланған. «Е-saraptama» ақпараттық жүйесін әзірлеу және оны ҚР Жоғарғы Сотының «Төрелік» ақпараттық жүйесімен, ҚР Бас прокуратурасының «Е-қылмыстық іс» ақпараттық жүйесімен және ҚР ЦДИАӨМ «Е-лицензиялау» МДҚ» ақпараттық жүйесімен біріктіру бойынша жұмыс жүргізілді. Осы жылы өндірістік пайдалануға беру жоспарланған. Жүйені іске қосу үшін жалпы 579,5 млн теңгеге институттардың материалдық-техникалық базасы дайындалды», – деп атап өткен.

Сот сараптамалары орталығы құрылымдық бөлімшелерімен және мемлекеттік органдар арасындағы құжат айналымын автоматтандыру мақсатында жалға алу негізінде «Documentolog» ақпараттық жүйесін сатып алынған.

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында геномдық сараптама нәтижелерін тіркеуге арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді сатып алуға жалпы сомасы 141,8 млн теңге шығындары қолдау тапты», – деді Марат Бекетаев.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button