Жаңалықтар

Қардан киіз үй қалаған қытай қазағы жұртты таңқалдырды (видео)

ашық дереккөзі

Қардан киіз үй қалаған қытай қазағы жұртты таңқалдырды (видео)

Желіде қардан жасалған киіз үйдің видеосы қызу талқыланып жатыр, – деп жазды Tengrinews.kz. Видеоны Facebook желісінде Алмахан Мұқаметқалиқызы есімді қолданушы жариялаған. Роликті түсірген автор киіз үйлердің Алтай аймағы, Буыршын ауданы Шұңқыр ауылында орналасқанын айтады. Бұл – Қытайдағы Шыңжаң автономиясына кіретін елді мекен. Соған қарағанда қардан киіз үйді Қытайдағы қазақтар жасаған. Роликтің басында автор киіз үйлердің қырау мерекесіне арнап жасалғанын айтады. Кадрдан бір-біріне жақындау орналасқан екі киіз үйді көруге болады. Біреуінің алдында қардан тышқанның бейнесі салынған. Автор бұл жайында «Тышқан жылындағы қардан жасалған», – деп түсіндіреді. Автор киіз үйдің ішін де көрсетеді. Оның ішінде қабырғаны жағалап орындық жасалған. Ортада қардан жасалған дастархан тұр. Киіз үйдің негізгі элементтері – шаңырақ, уық, кереге де бейнеленген. Киіз үйдің ішінде отырған қонақтардың бірі: «Керемет жақсы, қазақи жасалған. Қардан жасаған қазақ үйінің ішінде алма жеген күн болды бұл», – дейді Видео авторы киіз үйді бір айға жуық жасағанын айтады. https://www.youtube.com/watch?v=YBMNVnlWSPA&feature=emb_logo