Моңғолия президенті Х.Баттулга Қазақстанға ресми сапармен келеді
Моңғолия президенті Х.Баттулга Қазақстанға ресми сапармен келеді
Биыл Қазақстанда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және Алтын Орданың 750 жылдығы тойлануда. Осыған орай Моңғолия президенті Х.Баттулга Қазақ еліне осы жылдың шілде айында ресми сапармен келеді. Бұл туралы Моңғолияның Polit.mn және mass.mn порталдары хабарлады.
Моңғолия мен Қазақстан арасындағы жоғарғы деңгейдегі байланыстар: 1993 жылы қазанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Моңғол еліне тұңғыш ресми сапармен барды. Сапар барысында Моңғолияның президенті П.Очирбатпен кездесіп, екі жақты келіссөздер жүргізді. 1998 жылы Моңғолия президенті Н.Багабанди Қазақстанға ресми сапармен келді. 1999 жылы Елбасы Н.Назарбаев Моңғолияға екінші сапарларлап қайтты. 2007 жылы 14-15 тамызда Моңғолия президенті Н.Энхбаяр Қазақстанға келді. 2008 жылы 6-7 тамызда Елбасы Н.Назарбаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. 2019 жылы 10-12 қазан күндері Моңғолия премьер-министрі Ухнаагийн Хүрэлсүх ресми сапармен Нұр-Сұлтан қаласында болды. Моңғолия премьер-министрінің бұл сапары екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа сатыға көтеруге ықпал етті. 2020 жылы мамыр айында Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Моңғолияға барады деп жоспарлануда. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга жайлы қызықты 10 дерек Анжелика есімді орыс әйелмен үйленіп, одан егіз бала сүйді. Егіз ұлдарының есімі - Мұрат, Марат Оқушы кезінде суретші болған. Әрі салған суреттерін «Баянгол» қонақ үйінің алдында 1 долларға туристерге сата бастайды. Осы кезде ол ағылшын тілін үйренеді. Президенттік сайлауға түсер кезде сайлау алды насихат жұмысын базардан бастапты. Дзюдо күрес түрімен күрескен. Самбо күресінен әлем чемпионы атанды (1989). Моңғолияның еңбек сіңірген спортшысы. Моңғолияның миллиардері. Моңғолияда лотерия ойнатуды алғаш бастаған. Ұланбатырда сары жолақты такси қызметін іске қосқан. 2002 жылдан бастап саясатқа араласа бастайды. Ұланбатыр қаласының іргесіндегі Шыңғыс ханның ерекше үлкен атты ескерткішін орнатты. Мәдени кешен туристерді тартуға ерекше орай турдырды. «Дээдсийн амьдрал» (Ақсүйектер өмірі), «Ардчилал» (Демократия), «Монголын мэдээ» (Моңғолия жаңалықтары) қатарлы газеттерді қаржылай қолдаумен бірге «С1» телеарнасын ашқан.Материалды дайындаған
Бақыт БЕКОВ