Жаңалықтар

Жалға пәтер берушілер мемлекет алдында есеп беруге құлықсыз

ашық дереккөзі

Жалға пәтер берушілер мемлекет алдында есеп беруге құлықсыз

Астанада жалға беріліп жатқан пәтерлердің тек 4 пайызы ғана заңды түрде рәсімделген. Ал қалған жалға берушілер мемлекетке есеп беруге құлық танытпай отыр. Мемлекеттік кірістер департаментінің мекеме басшысы Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, бас қалада есепке алынбаған үйлер тіркелетін болса, мемлекетке одан 300 млн теңге түспек.мәлімдеді. Бұған қоса, жалға берілген ақының 40 млрд теңгесі көлеңкелі айналымда жүр. Департамент жетекшісі жағдай ЭКСПО көрмесі кезінде күрделене түсетіндігін айтып дабыл қағуда. Өйткені қонақ үйлерде орын жеткіліксіз болғандықтан, жалға берілетін пәтерге деген сұраныс артады. Осы орайда мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы қала әкімі Әділбек Жақсыбековтен көрме кезінде пәтер тапсыратындарды акредиттеуді сұрап отыр. Оның ойынша, туристерге пәтерін жалға беретіндерді жаппай тіркеуге алу керек. Сонда ғана жалдамалы пәтерлер нарығының ашық болуына жол ашылмақ. Қазіргі таңда Астанада ресми түрде 238 мыңнан астам пәтер есепке алынған. Оның 9 мыңнан астамы заңды түрде жалға беріліп келеді.