Алматыдан 73 шақырым қашықтықта жер сілкінді
    
        21 ақпан, 2020 /
        Асыл ТҰМАР
    
    
            
    
    
    
                                    Алматыдан 73 шақырым қашықтықта жер сілкінді
                        
                                    «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 20 ақпан күні Алматы уақытымен 21 сағат 51 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 73 шақырым қашықтықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9,2. MPV магнитудасы – 4,1. Тереңдігі – 5 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәліметтер түскен жоқ.