Жаңалықтар

Шымкенттегі әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

ашық дереккөзі

Шымкенттегі әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды

Әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметші ұсталды, деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі. «ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.