Алматыдағы ұшақ апаты: әуежай маңына үй салуға рұқсат берген шенеунік қамалды
Алматыдағы ұшақ апаты: әуежай маңына үй салуға рұқсат берген шенеунік қамалды
Алматы әуежайына жақын жер учаскелерін заңсыз таратқан шенеунік қамауға алынды.
Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Рысбеков уақытша ұстау абақтысына қамалды.
Ол үш жыл бұрын Алматы әуежайына жақын жерлерде құрылыс нысандарын салуға рұқсат берген.
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі лауазымын асыра пайдалануға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Ол 2017 жылы Талғар аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімінің басшысы қызметіне атқарып жүргенде 16 жер учаскесіне құрылыс салудың сызба-нұсқасын заңсыз рәсімдеді деген күдікке ілінді. Осы құжат негізінде Жұмабаевтың атына меншік құқығы туралы құжаттар жасалды. Жалпы ауданы бір гектарды құрайтын жер учаскелері Талғар ауданының Панфилов ауылдық округінде Алматы әуежайына жақын орналасқан", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі аға тергеушісі Данияр Бекайдаров елордада өткен баспасөз мәслихатында.