Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

"Бұрын қандай болса, қазір де дәл сондай": Путин Медведевтің жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Ресей президенті Владимир Путин мен ел үкіметінің бұрынғы басшысы Дмитрий Медведевтің ынтымақтастығы үзілмейді. Бұл туралы Кремль басшысы ТАСС-қа берген сұхбатында айтты.

«Біз Дмитрий Анатольевичпен бұрын қалай жұмыс істесек, қазір де дәл солай жалғастырып жатырмыз», – деді Путин.

Оның айтуынша, Медведевтің премьер-министр қызметінен кетуі олардың ұзақ жылғы бірлігінің ажырағанын білдірмейді.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 15 қаңтарында Медведев үкімет басшысы қызметінен босатылды. Дәл сол күні Путин оған жаңа қызмет – РФ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болуды ұсынды. Жергілікті БАҚ-та мұны «отставкадағы премьер үшін арнайы енгізілген қызмет» деген пікірлер қылаң берді.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button