Жаңалықтар

Коронавирус жұқтырған қытайлықтар Зайсан ауруханасына жеткізілетіні рас па?

ашық дереккөзі

Коронавирус жұқтырған қытайлықтар Зайсан ауруханасына жеткізілетіні рас па?

Коронавирус жұқтырғандар Зайсан ауданына жеткізіліп, жергілікті ауруханаға жатқызылады деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі хабарлады. Кешелі бері әлеуметтік желілерде ауруға шалдыққан Қытай азаматтары Зайсанға әкелінеді деген хабарлама тарап жатыр. Одан үрейленген Сартерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары топ болып көшеге шығып, ауруханалардың алдына жиналды. Олар шекараның жабылуын талап еткен. «Өңір әкімі Даниал Ахметов жұртты тыныштандыру үшін Зайсанға келді. Өңірімізге науқас адамдар әкелінеді деген ақпарат жалған. Шындыққа сәйкес келмейтін мәлімет таратқандар қылмыстық жауапқа тартылатынын еске саламыз», - дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.