Коронавирус: Diamond Princess кемесінде 2 адам көз жұмды

20 ақпан, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Коронавирус: Diamond Princess кемесінде 2 адам көз жұмды Жапония жағалауында Diamond Princess круиздік лайнерінде коронавирус жұқтырған екі адам қайтыс болды. Көз жұмғандардың бірі 80-ге таяған ер адам болса, екіншісі әйел адам. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. Кеше кемеде екі апталық карантин мерзімі аяқталып,  лайнер ішіндегі 500-ге жуық адам сыртқа шығарылған болатын.