Bek Air ұшағының құлауына қандасымыз емес, қанатқа қатқан мұз кінәлі екен

20 ақпан, 2020 / Túrkistan Gazeti
ашық дереккөзі
Bek Air ұшағының құлауына қандасымыз емес, қанатқа қатқан мұз кінәлі екен Газетіміздің 13 ақпан күнгі санында «Bek Air ұшақ апатына қанда­сы­мызды кінәлі етпек пе?» деген тақырыпта материал жариялағанбыз. Он­да әуекомпаниясы ұшақ соғылған үйдің иесі, қандасымыз Решет Қа­либекті сотқа бергендігін және ол соттың 21 ақпанда болатындығы жа­зылған. Сонымен қатар осы оқиғаға қатысты пікір білдірген заңгер мен қоғам белсенділері Bek Air компаниясының қылмыстық жауап­кершіліктен қашып, қандасымызды  сотқа бергендігін атап өткен. Кеше мемлекетаралық авиация ко­митетінің бас директоры Виктор Сороченко Bek Air ұшағының апатқа ұшы­рауының басты себебін айтты. «Мен ұшақ апатының екі ғана себебін көріп отырмын. Олар: қанаттардың за­қым­дануы, бүлінуі, көтеру қабілеті тө­мендеуі немесе мұз қату. Комиссия авиациялық оқиға болғаннан кейін әуе кемесін қарап шығып, қанаттарының зақымданбағандығын анықтады. Менің тәжірибем мұнан өзге себебін кө­ріп те тұрған жоқ. Сондықтан біз  ұшақ қанаттарына мұз қатуы нұс­қа­сы­на бірінші кезекте мән береміз», – деді Виктор Сороченко. Мамандардың пі­кі­ріне қарағанда ұшақтың апатқа ұшы­рауына қанатына қатқан мұз се­беп болыпты. Ал Bek Air компаниясы не себептен қандасымызды сотқа сүй­реп жүргені бізге беймәлім.