Партияның пәрменімен бір ауыл газбен қамтылды
    
        20 ақпан, 2020 /
        Túrkistan Gazeti
    
    
            
    
    
    
                                    Партияның пәрменімен бір ауыл газбен қамтылды
                        
                                    Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысына қарасты Қазталов аудандық филиалы Сарықұдық ауылын толығымен газбен қамтамасыз етуге жәрдемдесті.
Сарықұдық ауылындағы Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары газбен жабдықтау мәселесін шешу үшін  Nur Otan партиясының аудандық филиалына жүгінген болатын. Айта кетерлігі, бұл ауылға 2019 жылы газ құбыры тартылғанымен, бойында фельдшерлік-акушерлік пункт және 18 тұрғын үй орналасқан Тәуелсіздік көшесіне ғана газ жүргізілмей қалған болатын.
Бұл мәселені шешу мақсатында  Nur Otan партиясының Қазталов аудандық филиалы аудандық мәслихат депутаты Н.Жолдыбаевпен кездесу өткізді. Кездесу нәтижесінде депутат құны 260 000 теңге тұратын газбен жабдықтау жобасына қаражатты өз қалтасынан жұмсайтын болып келісілді.
Осылайша, биылғы жылдың қаңтар айының басында Тәуелсіздік көшесінің тұрғындары толығымен газбен қамтылды.