Елбасы Асқар Маминді қабылдады
Елбасы Асқар Маминді қабылдады
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.
Кездесу барысында Үкімет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тікелей шетелдік инвестиция тарту жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, кездесуде Асқар Мамин жаңа жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған Қазақстан Үкіметінің қабылдаған шаралары туралы айтып берді.