Қызылордада 1 литр айран ішінен есірткі табылды

Қызылордада 1 литр айран ішінен есірткі табылды

Қызылордада 1 литр айран ішінен есірткі табылды
ашық дереккөзі
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЗК-169/1 мекемесінің тергеу-қамауында отырған азаматқа танысы 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне жасырып, есірткі өткізуге әрекеттенген. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің маманы Дана Дастанова: «Танысына келген азамат 1 литр ыдысқа құйылған айранның ішіне 2 дана полиэтилен пакетке салынған есірткі жасырып, өткізбек болған. Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың «кептірілген марихуана» екені анықталды. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297- бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр», – деп түсіндірді.