Nur Otan Новочерноярка ауылындағы жылумен қамту мәселесін бақылауға алды
Nur Otan Новочерноярка ауылындағы жылумен қамту мәселесін бақылауға алды
Бауыржан Байбек тұрғындарға бұл жайттан хабардар екенін , аймақ басшысының жаңа жылыту қазандығын салу туралы уәдесін бақылауға алатынын жеткізді. Ол бұл кездесу туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Павлодар облысына сапар барысында Новочерноярка аулының тұрғындарымен кездестім. Мұнда 16 көп қабатты тұрғын үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталық жылыту жүйесінсіз тұрып жатыр. Ауыл тұрғындары бұл мәселені осыған дейін бірнеше рет көтерген, тіпті партияның қоғамдық қабылдауы арқылы да қозғаған екен. ⠀ Бүгін тұрғындармен бірге осының шешу жолдарын талқыладық. Аймақ басшылығы ауылда жылыту қазандығы салынады деп сөз берді. Бұл аталған тұрғын үйлерден бөлек тағы да 5 әлеуметтік нысанды, оның ішінде таяу маңда орналасқан мектепті, бала бақшаны және дәрігерлік амбулаторияны жылытумен қамтамасыз етпек. Оның орындалуын «Nur Otan» өз бақылауына алды», – деп жазды.