СДУ-ға келіп, бағыңды сына

СДУ-ға келіп, бағыңды сына

СДУ-ға келіп, бағыңды сына
ашық дереккөзі
Қымбатты жас түлек! 2016 жылдың 28-ақпанында Сулейман Демирел университетінде 2016 жылғы жас түлектерге арналған пәндік олимпиадалар болмақ. Олимпиада Қазақстанның 5 қаласында өтеді деп жоспарлануда әрі жеңімпаздарға 200 грант пен түрлі жеңілдік ұсынылмақ.

Пәндік олимпиада дегеніміз не?

SPT (SDU Proficiency Test) – биылғы мектеп/колледж түлектеріне арналған СДУ-дің ішкі олимпиадасы. Олимпиаданың басты мақсаты – түлектерге болашақ мамандығын айқындауға көмектесу, сондай-ақ, ішкі грант пен түрлі жеңілдік ұсыну арқылы көмек қолын созу. Біздіңше, әркім өз мүмкіндіктерін саралап, талантын тексеріп көруі тиіс, өйткені бұл ішкі гранттар мен түрлі жеңілдіктерге қол жеткізудің таптырмас мүмкіндігі! SPT – таңдаған пәніңізге орай, 5 категория бойынша жүргізіледі: Физика, География, Ағылшын тілі, Әдебиет және әлем тарихы. Әр категорияда қосымша – математика, ағылшын тілі, қазақ/орыс тілдері және Қазақстан тарихына қатысты сауалдар болады. Жеңімпаздар мен алғашқы екі жүздікке енген талапкер СДУ-дің ішкі грантын жеңіп алады және 4 жыл бойына түрлі жеңілдіктерге ие болады. Олимпиадаға қатысу тегін. www.sdu.edu.kz сайты арқылы тіркелген кез-келген талапкер қатыса алады. Қатысушы spt@sdu.edu.kz электронды мекен-жайына оның 11 сыныпта немесе колледжде оқитыны туралы анықтаманы немесе директордың бұйрығын ақпанның 20-сына дейін жіберуі тиіс. СДУ ішкі олимпиадасы (SPT) 28-ақпанда сағат 11.00-де Алматы (СДУ), Астана, Семей, Шымкент және Атырау қалаларында бір мезетте өткізіледі. Қатысушы СДУ ішкі олимпиадасына емтихан тапсыру үшін жоғарыда аталған пункттердің біріне (өзіне жақын әрі қолайлысына) баруына болады. Олимпиада сауалдары қазақ және орыс тілдерінде мектеп бағдарламасының базасы негізінде болады. Талапкерлер 3 пән бойынша, 100 сауалға жауап беруге міндетті.

"Түркістан-ақпарат"