Бұдан былай Қытайдан келгендердің бәрі 2 апта карантинде болады

Бұдан былай Қытайдан келгендердің бәрі 2 апта карантинде болады

Бұдан былай Қытайдан келгендердің бәрі 2 апта карантинде болады
ашық дереккөзі
ҚР Бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы облысының Панфилов ауданындағы үш шекара бекетінде орналасқан медициналық пунктілерді тексерді. Бұл туралы Панфилов ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  Қазіргі уақытта «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы наурыздың біріне дейін жабық тұр. Ал жолаушылар тасымалы тоқтаған «Nur joly» мен «Алтынкөл» бекеттерінде санитар-эпидемиолог мамандар күшейтілген режимге көшкен. Қазір Жаркент қаласында 100 адамға арналған арнайы санитарлық оқшаулау орны дайын. Сондай-ақ, қажет бола қалған жағдайда қолданылатын қосымша 160 орын қарастырылған. Барлық санитар-эпидемиологтар толық медициналық жабдықпен қамтамасыз етілген.  width= «Ақпанның 20-сынан бастап Қытайдан келген адамдардың барлығы 14 күнге дейін арнайы санитарлық орында болады. Өйткені бұл вирусты жұқтырған адамнан бірден ешқандай сырқат белгілері байқалмауы мүмкін. Коронавирустың ағзадағы жасырын кезеңі 14 күннен 24 күнге дейін созылу фактісі анықталған. Қытайдан өткен азаматтар 14 күн жатып шыққаннан кейін де он күн толық бақылауда болады. Сол себепті сақтық шаралары жүргізіліп жатыр», -деді Жандарбек Бекшин.