Жаңалықтар

Diamond Princess кемесіндегі қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

ашық дереккөзі

Diamond Princess кемесіндегі қазақстандықтардың жағдайы белгілі болды

Жапония жағалауында карантинге жабылған Diamond Princess круиздік лайнеріндегі қазақстандықтардың жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы ҚР инфекциялық аурулардың жетекші маманы Динагүл Баешева мәлімдеді. «Лайнерде біздің 4 қазақстандық бар. Денсаулық сақтау министрлігі олармен үнемі хабарласып отыр, жағдайлары бірқалыпты. Жақында талдау жасалады. Әрі қарай келіссөз жүргізіледі. Карантин болғандықтан, барлығы Сыртқы істер министрлігі арқылы шешіледі. Карантин мерзімі жақында аяқталады. Одан кейінгі шаралар келісіледі», - деді Динагүл Баешева Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.