Бюджеттен «ҚазАгро» холдингіне 60 миллиард теңге берілмек
Бюджеттен «ҚазАгро» холдингіне 60 миллиард теңге берілмек
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы, Нұрлыбек Малелов ағымдағы жылы дала жұмыстары мен егін жинау науқандарына «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингіне мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге көлемінде қаражат берілетіндігін хабарлады. Бұл қаржы холдингтің барлық еншілес компанияларына таратылмақ.
Нұрлыбек Малелов, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы: «Мемлекет қазынасынан 60 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие қаражат алу жөнінде жұмыстарды жүргізіп отырмыз. Бұл ақшаны қарыз түрінде холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктер арасында бөлеміз. Несиелендіру жүйесі өткен жылдағыдай жүзеге асады», ̶ дейді ол. Аталған холдинг жылдағыдай еліміздегі шаруаларға 5 пайыз көлемінде несие беруді биыл да жалғастыратындықтарын жеткізді.