Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Вице-министр Қазақстанда оқитын өзбекстандық студенттердің жаппай өз еліне ауысу себебін айтты

ҚР Білім және ғылым министрі Мирас Дәуленов елімізде жоғары білім алып жатқан Өзбекстан азаматтарының өзбекстандық жоғары оқу орындарына ауысу туралы өтініштеріне қатысты пікір білдірді. 
«Бұл шешім Өзбекстан елшілігінің өкілдерімен кездесу барысында анықталды. Оған Өзбекстанда жоғары білім алу мүмкіндігінің артуы себеп болып отыр.  Қолдағы ақпаратқа сүйенсек, өзбекстандық студенттер тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар, өзге де шекаралас елдердің оқу орнынан да өздерінің тарихи отандарына ауысып жатыр. Қазір әлем бойынша халық жаппай жоғары білім алуға ұмтылады. Одан бөлек, барлық жерде академиялық мобилділік бойынша кедергілер жойылуда», – деп жазды вице-министр Facebook-тегі парақшасында. 
Мирас Дәуленовтің айтуынша, туындап отырған жағдай қазақстандық жоғары оқу орындарына кері әсер етпейтін табиғи процесс. 
«Қазақстанда 2017 жылы студенттерді шетелдік жоғары оқу орындарынан отандық жоо-ларға ауыстыру кезінде кешенді тест тапсыру талабы алынып тасталғанын естеріңізге саламын. Соның нәтижесінде 37 мыңнан астам студент Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысу мүмкіндігіне ие болды», – дейді министрдің орынбасары. 
Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button