Бақытжан Сағынтаев қардың қалың жаууына байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Бақытжан Сағынтаев қардың қалың жаууына байланысты алматылықтарға үндеу жасады

Бақытжан Сағынтаев қардың қалың жаууына байланысты алматылықтарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
Алматы  әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада қардың қалың жаууына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды.   «Құрметті алматылықтар! Қардың қалың жаууы өте сақ болуды талап етеді. Қар жамылғысының биіктігі қаланың жоғарғы бөлігінде - 15 см, таулы аймақта 25 см-ден асты. Ауыр қар ағаштарды құлатты. Ағаштардың құлаған кейбір бұтақтары көліктерге тиген. Таңертең қаланы аралап шықтым. Көшелерді, аялдамаларды қардан тазалау бойынша және тайғаққа қарсы барлық қажетті шаралар қолға алынуда. Жол бойында 600 техника мен 1700 жұмысшы қызмет етуде», - деп жазды қала әкімі Instagram-парақшасында. Алматы басшысы Полиция департаментіне жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын күшейтуді, Төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметтерге апаттық жағдайлардың салдарын дереу жойып отыруды тапсырды. «Көшелерді қардан тазалау бойынша қандай жерлерде қиын жағдай туындап отырғанын хабарлауды сұраймын. Құрметті алматылықтар! Үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейндерінің тау бөктерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар. Сондықтан тауда өте сақ болуларыңызды, тіпті тауға баруды кейінге шегеруді сұраймын», - деп жазды шаһар басшысы.