Жаңалықтар

Ухань қаласынан келген 89 студент ауруханадан шықты

ашық дереккөзі

Ухань қаласынан келген 89 студент ауруханадан шықты

Қытайдың Ухань қаласынан келіп, елордағы көпсалалы медицина орталығында бақылауда болған 89 студент үйлеріне жіберілді.  14 күн бойы инфекциялық дәрігерлердің қарауында болған студенттерден қауіпті вирус анықталмаған. Тиісті ем алып шыққандарды шағын автобустар мен жедел жәрдем көліктері әуежайға дейін апарып тастады. Әрі қарай оларды еліміздің әр түкпіріндегі жергілікті мамандар қарсы алады. Еске сала кетейік, 2 ақпан күні Қазақстан Ухань қаласына арнайы ұшақ жіберіп, сонда оқып жатқан жерлестерімізді елге алдырған болатын. Олар келген бойда оқшауландырылып, ауруханаға жатқызылған.