Сәрсенбі, 30 Қараша, 2022

Елімізден 20 мың медициналық бетпердені заңсыз әкетпек болған қытайлық ұсталды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі 20 мың медициналық бетперде контрабандасын өткізбек болған Қытай Халық Республикасының азаматын ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады. 

«14 ақпанда Алтын-Көл станциясының шекаралық бақылау бекетінде ҚХР азаматынан контрабандалық тауарлар алынды, ол – Қазақстаннан Қытайға контрабандалық жолмен өткізуге тырысқан 20 000 медициналық бетперде», – делінген баспасөз хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 7 ақпанында Қазақстан медициналық бетперделердің экспортына тыйым салған. Алматы фармацевтикалық компаниясы сұраныстың жоғары болуына байланысты тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button