Жаңалықтар

Короновирус жұқтырғандар саны 67 мыңнан асты

ашық дереккөзі

Короновирус жұқтырғандар саны 67 мыңнан асты

Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңартылған деректеріне сәйкес, 2019-COVID коронавирустық инфекциясынан қаза болғандар саны 1665-ке жетті, тәулік ішінде 2009 адам ауруды жұқтырған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады. 

Соңғы деректерге қарағанда, жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 67 416 адамға жеткен, олардың 11 272-сі ауыр хәлде.

Соңғы тәулік ішінде 1323 адам ауруханадан шығарылған, 142 науқас көз жұмды, 219 адамның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Қатерлі дерттен айыққандар саны да едәуір өскен – 9419 адам.