Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғанимен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғанимен кездесті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан президенті Ашраф Ғанимен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен оны нығайтудың перспективаларын талқылады. Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Мемлекет басшысы Ауғанстанды еліміздің сенімді серіктесі әрі тату көршісі ретінде атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ашраф Ғаниға жақын арада Қазақстан Республикасының Ауғанстан бойынша арнайы өкілі лауазымы бекітілетінін айтты.
Ауғанстан президенті екіжақты ынтымақтастықтың дамуын жоғары бағалап, Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін айтты.