Жаңа қызметіндегі алғашқы жиын: Сапарбаев қарамағындағыларға қандай тапсырма берді?

Сондай-ақ!

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы елдің «Europe 1» радиостанциясы хабарлады. Саясаткер коронавирустың асқынуынан көз жұмған. Бұл туралы оның...

Байденнің болжамы: Жыл соңына дейін АҚШ-та коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұмады

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден елде жыл соңына дейін коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұматынын болжады, деп хабарлайды РИА Новости.  Байден...

250 адам жұмысынан айрылады: Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ

Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ. Ол жабылса, 250 жұмысшы жұмыссыз қалады. Зауыт жұмысшалары осыны айтып, мәселеге биліктің араласуын талап етті, деп хабарлайды Астана арнасы.  Бүгін кәсіпорын...

Қазақтың «Мұзбалақ» фильмі екі бірдей халықаралық байқауда топ жарды (видео)

Қазақстандық «Мұзбалақ» картинасы екі бірдей кинофестивальде олжалы болды.Бұл туралы «Қазақфильм» киностудиясының әлеуметтік желідегі парақшасында хабарланды.  «Қазақфильм» киностудиясы шығарған «Мұзбалақ» толықметражды анимациялық фильмі дүниежүзі көрермендерінің жүрегін...

Жамбыл облысы әкімі қызметіне кіріскен Бердібек Сапарбаев алғашқы аппарат кеңесін өткізді. Бұл туралы аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жиында облыс әкімі өңірдің одан әрі дамуы мен экономикалық және әлеуметтік саясаттағы басым бағыттары туралы өз ойын ортаға салды.

«Ең басты талап- мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыс жақсы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізді. Осы қарқынды төмендетпеу керек», – деп атап өтті өңір басшысы.

Әкімдіктің хабарлауынша, облыстың әлеуеті айтарлықтай жоғары, алайда ағымдағы жылдың бірінші айында өнеркәсіп, қайта өңдеу, инвестиция тарту сияқты салаларда төмендеуге жол берілген.

Игерілген қаражаттың көлемі бойынша айтарлықтай артта қалуы байқалған.

Енді осы бағытта бюджеттік бағдарламалардың орындалу бойынша жұмыстарды күшейту қажет екен.

Cапарбаев қызметкерлеріне нақты тапсырма берді.

  • «Қазфосфат» ЖШС және «Еврохим» сияқты жергілікті өнеркәсіптің алыптарымен тығыз жұмыс істеу, өңірге ірі отандық және шетелдік инвесторларды тарту қажет.
  • Облыс әкімі Амангелді газ кен орнының да қарқындылығын арттыру үшін салалық министрліктің көмегімен ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.
  • Күн тәртібінде көтерілген мәселелердің бірі – көктемгі егіс жұмыстарына дайындық, ауыл шаруашылығы техникасын уақытында дайындау, жоғары сапалы тұқым сатып алу және отырғызу болды.

Сонымен қатар Сапарбаев ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру пилоттық жобасының міндетті түрде өз жалғасын табатындығын, ол бастапқы қарқынының төмендемеуін баса айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

«Ауыл тұрғындары жыл бойы жұмыспен қамтылып, егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен де айналысуы керек. Бұл орайда пилоттық жобаға бөлінген 7,2 миллиард теңге толық көлемде игерілуі тиіс. Біз жобаның өміршеңдігін көрсетуіміз керек, бұл алдағы уақытта қаржыландыру көлемін ұлғайтуға және көп адамдардың материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті облыс басшысы.

Сондай-ақ, халықаралық әуежайға ие бола отырып, тек ішкі қазақстандық бағыттар бойынша ғана емес, еларалық әуе қатынастарының санын бірнеше есе ұлғайту қажет екені айтылды.

Ал білім беру саласында апатты және үш ауысымды мектептерді жою үшін 17 мектеп ашу қажет екені белгілі болды. Өңірдегі әлеуметтік-мәдени нысандардың құрылысы да өз жалғасын таппақ.

Сонымен қатар, тауар айналымын ұлғайту үшін облыстың транзиттік әлеуетін кеңінен пайдаланып, баламалы энергетика саласында алты станцияның құрылысын аяқтау және КЭС, ЖЭС-терден алынатын электр энергиясының жиынтық қуатын 400 мВт-қа дейін жеткізу көзделуде.

Жиында жамбылдықтардың табыс деңгейін арттыру, салық салу базасын ұлғайту, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, жалақы бойынша берешектерді жою, медициналық қызмет сапасын арттыру, денсаулық сақтаудағы бюрократия деңгейін төмендету, жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу, ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту сияқты өзекті мәселелер де  жан-жақты көтеріліп, сараланды.

Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жауапты мемлекеттік органдар Қордай ауданында болған оқиғалардан қорытынды шығару керектігін атап өтті.

«Бұл жағдай бізге сабақ болу керек. Осы секілді қайғылы оқиғалар алдағы уақытта қайталанбас үшін тиісті шешім шығара білуіміз қажет. Мемлекеттік органдар, жұртшылық пен интеллигенция өз күш-жігерін біріктіріп, қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау бойынша жұмыс жүргізуі тиіс», – деп түйіндеді ол.

Редакция таңдауы

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге негіз болған қасиетті қала. Түркістан – ұлы ғұлама Қожа Ахмет Ясауи мен...

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш...

Францияның бұрынғы президенті қайтыс болды

Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында өмірден өтті. Бұл туралы...

Нұрсұлтан Назарбаев: Түркістанды дамыту – халқымыз үшін қасиетті парыз

Ұлы Жібек жолында мыңжылдық өркениеттерді тоғыстырған Түркістан – Ұлы даладағы ұлы өзгерістерге...

Байденнің болжамы: Жыл соңына дейін АҚШ-та коронавирустан тағы 250 мың адам көз жұмады

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Джо Байден елде жыл соңына дейін...

250 адам жұмысынан айрылады: Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ

Ақтөбеде мұнай жабдықтары зауыты жабылмақ. Ол жабылса, 250 жұмысшы жұмыссыз қалады. Зауыт...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...