Жүктілік кезінде коронавирус анадан балаға беріле ме?
Жүктілік кезінде коронавирус анадан балаға беріле ме?
Қытайда жүргізілген зерттеу нәтижесінде COVID-19 вирусы жүктіліктің соңғы кезеңінде анадан балаға берілмейтіндігі анықталды.
Бұл туралы Lancet медициналық журналында жарияланды.
Чжуннань ауруханасының зерттеушілері Ухань университеті мен Пекин университетінде COVID-19 диагнозы қойылған тоғыз жүкті науқасқа клиникалық зерттеу жүргізді. Бұл әйелдердің барлығы дүниеге дені сау сәби әкелген. Зерттеушілер сәби дүниеге келгеннен кейін де бақылауды жалғастыра бермек.