Бас прокуратураның құпия мәліметтері хакерлер қолына түсті
Бас прокуратураның құпия мәліметтері хакерлер қолына түсті
Қазақстан Бас прокуратурасының құпия деректері ұрланды. Бұл туралы кибершабуылдарды зерттеу және талдау орталығы хабарлады.
Қадағалау органының ақпараттық жүйесі бірнеше айдан бері қандай да бір қорғауға алынбай келеді дейді мамандар. Сәйкесінше әкімшілік іс жүргізілген қазақстандық немесе шетелдік азаматтарға қатысты мәліметтер қолды болып жатыр.
Жүйедегі олқылық салдарынан құқық бұзушылар төлеген айыппұлдар, ескертулер, тұрғылықты мекен-жайлар, суреттер, автокөлік және жеке сәйкестендіру нөмірлері киберқылмыскерлердің құрығына іліккен. Ал прокуратура орталық мамандарының дабылына әзірге үн қатар емес.