Жаңалықтар

Шымкентте белгісіз заттан уланған бір жасар сәби көз жұмды, екі бала жансақтау бөлімінде

ашық дереккөзі

Шымкентте белгісіз заттан уланған бір жасар сәби көз жұмды, екі бала жансақтау бөлімінде

Шымкентте белгісіз заттан уланған үш бала (2019, 2017 және 2014 жылы туған) және екі жасөспірім (2000 және 2002 жылы туған) ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Otyrar.kz.  Клиникалық өлім жағдайында жеткізілген ең кішкентай бала қайтыс болды. Тағы екі бала интенсивті терапия бөліміне улану дәрежесі анықталмаған жатқызылған. "Науқастардың ересектеріне алғашқы медициналық көмек көрсетілді, олар үйіне қайтты. Бұл науқастар туралы мәліметтер тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберілді", - деді гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мадина Ермағанбетова. Жайсыз оқиға отбасы "Солтүстік" ықшамауданындағы туыстарына қонаққа келгенде болған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері газ анализаторын пайдаланып, оқиға болған пәтерді тексерді. Тексеру нәтижесінде көмірқышқыл газы анықталмаған. Талдау үшін тамақ сынамалары алынды. "Улану себебі төменгі қабатта орналасқан пәтерлерге залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуінен болуы мүмкін. Бірақ әзірге нақты қорытынды шығаруға әлі ерте", - делінген хабарламада.