Силиконды «сұлулық»: Пластикалық отаға құмартқандар неге көбейді?

Сондай-ақ!

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен...

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13 қаңтарда таңертең әуежайға апаратын жолды кесілген ағаштармен жауып тастады, деп хабарлайды Орталық...

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және...

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық...

«Сырық мойын, біз мұрын, Шіркін, тұздай көзіңіз… Сізге кім ғашық болмасын? Мәселен, біз өзіміз…». Мағжан ақын жырындағы бұл суреттеу қазіргі сәннің стандарттарын дөп басыпты. Ол заманда Жұмабаев өзі жырлаған сұлулыққа ине мен қайшының көмегімен жетуге болатынын білмеген болар. Осы ғасырда дүниеге келсе, бәлкім, ақындықтың ауылынан алыс жүрер ме еді, кім білсін?! Өйткені пластикалық ота көмегімен бетін тегістеп, ернін дүрдиткен, көзін үлкейтіп, төсін дөңгелеткен «хас» сұлулар ақынды мөлдір өлең жазуға шабыттандырады дегенге сену қиын.

Отадан оянбаған көп

Бүгінде сұлулық индустриясының асығы алшысынан түсіп тұр. «Мәңгі жас» болып қалуға құмар жандардың кө­беюі арқасында бет әрлеушілер, космето­лог­тар мен пластикалық хирургтардың айы оңы­нан туды. Ажарынан ақшасын аямай­тын­дар бұрын тек шетел асып кететін бол­са, бүгінде отандық дәрігерлер де плас­ти­ка­лық отаның кез келген түрін жасай алатын дәрежеге жетті.

Қазақстандық арулар арасында ең көп сұранысқа ие оталардың көшін бле­фаропластика мен омырау үлкейту опе­рациялары бастап тұр, одан кейінгі тізімді smas-лифтинг пен липосакция жалғас­тыра­ды. Пышаққа түсу оңай емес. Дегенмен хас сұлуға айналуды көздейтіндер одан да қорық­пайды. Пластикалық хирургтар бет мүшелерін пышақпен кесіп әдіптейді. Ал тіндерді жалғап тұрған жасушаларға жа­затайым пышақ тиіп кетсе, азабы ауыр болатыны бесенеден белгілі. Сұлулық үшін құр­бандыққа баратындар дүрдиген ерін мен жасанды кірпік жапсыруға құмар. Кір­пік жалғайтын желімнің химиялық құрамы аса зиянды, ағзаның ең нәзік мүшесі сана­латын көзге тигізер қаупі тіптен орасан. Тері ішінде ісініп, жарылып кетсе, «оймақ» ері­ннің де тартқызар зардабы көп. Ең сора­қысы, құдайдың бергенін түзеймін деп жан­таласып жүріп ота үстелінде жан тап­сыратындар көбейді.

Мәселен, осы жылдың ақпа­нын­да Алматы облысының Қаскелең қаласында пластикалық ота жасатқан 59 жастағы әйел көз жұмды. Қаладағы ақылы медициналық орталықта бетінің терісін тарттырып, иек липосакциясын істемек болған Нәжия Мұртазина отадан кейін ко­ма­ға түсіп, 11 күннен кейін қайтыс болды.

Марқұмның қызы Эльвираның ай­туынша, ота төрт сағатқа созылған. Ота аяқталған соң оған хирург хабарласып, анасының жағдайы нашар екенін жеткізген. Алып ұшып медициналық орталыққа жет­кен Эльвира анасының комада жатқа­нын біледі. Нәжия Мұртазина көп ұзамай көз жұмған.

Анасының өліміне дәрігерлерді кінәла­ған Эльвира оған отадан кейін тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілмеген деп есептейді. «Анама жүрек массажы жасалған. Себебі сараптамаға сәй­кес, оның бесінші, алтыншы және жетінші қабырғасы сынған. Хирург тартып шығарса, реаниматолог жүрек соғуы үшін адреналин салған болу керек. Дәл сол сәтте жасанды ты­ныс алу аппараты болмаған. Құрылғы көр­ші ғимаратта болған. Оны алып келіп орнатқанша, ми жасушалары оттегі жетіс­пеуінен өліп қалған. Егер де оларда жан­сақтау бөлімі болып, қолдарында аппарат бол­ғанда бұл жағдай орын алмас еді», – дей­ді марқұмның қызы.

Сот-медициналық сараптамасы 59 жастағы әйелдің өліміне май эмбо­лиясы себеп болғанын көрсетті. Эльвираның түсіндіруінше, май жасушаларының белгілі бір бөлігі өкпеге өтіп, анасы соның сал­да­рынан тыныс ала алмаған. Жасанды тыныс алу аппаратын сол себепті қосыпты. Алайда тым кеш болған.

Эльвираның сөзінше, анасына ли­по­сакцияны жасауға қайшы келетін бірқатар ауру болған. Нәжия Мұртазина созылмалы пиелонефритпен ауырған және үшінші дәрежелі артериалық гипертензия, семірудің екінші деңгейі, гипотериоз, қалқанша безі дерті, холецистэктомия (2018), микроинфаркт (2011) және стено­кар­дия (2011-2018) болған. Соған қарамас­тан, оташы Н.Мұртазинаны ота үстеліне жат­қызған.

Анасының өлімінен кейін Эльвира по­лицияға жүгініп, оқиғаға қатыс­ты қылмыстық іс қозғалды. Қызметіне сал­ғырт қараған хирург Қылмыстық ко­декс­тің 317-бабы 3-бөлімі – «Медицина және фармацевтика қызметкерінің дұрыс орын­далмаған кәсіби қызметінің нәтиже­сін­де болған адам өлімі» бойынша айып­талды.

Сондай-ақ өткен жылы екі бірдей ару­дың өліміне кінәлі болған атышулы хирург Дмитрий Писаревтің есі­мін де көпшілік ұмыта қоймаған болар. Оның қолынан көз жұмған алғашқы әйел – Дана Агамырданова оған артық майын алдырту үшін Украинадан арнайы келіп, ажал құш­қан болатын. Сот хирургты тек екі жыл­дан соң кінәлі деп тапты. Десе де, істің ескіруіне байланысты артынша сот залынан босатып қоя берді. Темір тордан оңай құтылған хирург 2018 жылдың қазан айында тағы бір қыздың өліміне себепкер болды. «Эйр Аста­наның» 6 тілде сөйлейтін ең белді борт­қыз­меткерінің бірі – Лаура Ізбасарова оташы­ның алдына төсін тартқызу үшін келген. Сұлу бойжеткен пластикалық отадан кейін оянған жоқ.

Лаура Ізбасарованың қазасынан соң сот дәрігерді лицензиясынан бір­жола айырған екен. Әрі тергеу аяқталғанша қаладан тысқары шығуына тыйым салыпты. Бірақ соттың сөзін пысқырмаған Писарев Шымкент асып, сүйікті ісін сонда жалғас­тырған. Тіпті Қырғыз Республикасына да барып ота жасап келген көрінеді. 10 ай бойы тайраң­даған дәрігерді тергеушілер жуырда Ал­матыға қайтарды. Темір тордан оңай құтыл­ған хирургтың енді бұл жолы кінәсі д­әлел­денсе, 5 жылға дейін бас бостан­ды­ғынан айырылуы мүмкін. Лаура Ізбасарова­ның жақындары бойжеткеннің өліміне жекеменшік клиника да жауап беруі тиіс деп есептейді. Әзірге клиника жұмысын бәз баяғыдай жалғастыруда. Тек атауын ғана өзгертіп қойыпты.

Бақылаусыз нарық – жауапсыз маман

Тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Светлана Романовская косметологиялық қызмет көрсету саласын жа­байы нарыққа теңейді. Өйткені ешқан­дай бақылау жоқ. Тіпті, сапасыз қызмет көрсетілген жағдайда сұлулық салоны еш жауапкершілікке тартылмайды. Бар бол­ғаны қызмет көрсеткен маман ғана заң алдында жауап береді. «Шағын бизнесті тексеруге жариялаған мораторийге байла­нысты құзырлы органдар бұл мекемелерді қадағалай алмай отыр. Оның соңы сапаның төмендеуіне әсер етеді. Түптеп келгенде бизнес бәсекеге қабілетсіз болып шығады», – деп қынжылады С.Романовская.

Сұлулық индустриясында салғырттық кө­бейгенін ақ халаттылар да мойын­дайды. Алматы қаласының қоғамдық ден­саулық сақтау департаментіне жыл басынан бері тұрғындардан косметологиялық қыз­мет сапасына қатысты 8 арыз түскен. Олар­дың арасында адам өліміне әкелген жағдай да бар. Қайғылы жағдай қаланың ортасында орналасқан клиникалардың бірінде болған. Бет терісін тартқызу операциясын жасатқан егде жастағы әйел үйіне келген соң көз жұм­ған.

«Пластикалық отаға әдеттегі шара деп қа­рап, тұтынушыға тиісті тексерулер жүр­гізілмеген. Оның созылмалы жүрек ауруы болса да, электрокардиограмма жасалмаған. Пациенттің денсаулық жағдайы ескеріл­меген. Жүргізілген сараптама нәтижесінде осы жағдайлар пациенттің өліміне себеп болғаны анықталды», – дейді қалалық қо­ғамдық денсаулық сақтау департамен­ті­нің басшысы Айзат Молдағасымова.

Оның айтуынша, қызмет көрсету орын­дары заманауи құрылғылармен жаб­дық­талса да, қарапайым қағидаларды ескермей жатады. Сондай-ақ маман тұрғындардың жарнамаға тым сенгіштігіне алаңдаулы. «Қаланың қыз-келіншектері жарнама ар­қылы шетелден келген косметолог, плас­тикалық хурург мамандардың қабылдауына барады. Олардың тиісті құжаттары бар-жоғын ешкім тексеріп жатпайды. Мәселен, Алматыда Корея, Қытай, Үндістан елдерінен келген дәрігерлерге қатысты 10 факті анықталды. Олар сәйкестік сертификатын­сыз жұмыс істеген.  Үндістандық екі азамат 5 сағат наркозбен  баланың  құлағына ота жасаған. 15 мың долларға жасалған емнің нәтижесі болмаған соң анасы бізге хабар­лас­ты. Тексеру нәтижелерін тиісті орган­дар­ға тапсырдық», – дейді департамент бас­шысы.

Жасанды сұлулықтың құны қанша?

Пластикалық ота үстелінде қаза тап­қандар жайлы деректің көбеюі сұлу­лық­тың құпиясын пышақтан іздейтін­дерге тежеу бола алар емес. Дене пішімін, түр-әлпетін өздері қалағандай өзгертуге асық­қан сылқымдар мінсіз сұлулық үшін жанын беруге даяр. Өмірін қиюға дайын болса, ақшасын да аямайтыны түсінікті. Пластикалық хирургия және косметология клиникаларына қоңырау шалып, пласти­калық отаның ең арзаны ерінге жасалаты­нын білдік. Оның бағасы 35 000 теңгеден бас­талады екен. Ал отандық қыз-келіншек­тер арасында ең танымал пластикалық ота – блефаропластиканың құны 80 мың тең­геден басталып, отаның күрделігіне бай­ланысты 350 мыңға дейін жетеді. Орта­ша құны – 200-300 мың теңге ара­лы­ғында.

Қазақстандық сылқымдар құп көретін тағы бір ота – липосакция құны –100-350 мың теңге. Бетті жасарту ота­­­ларының бағасы 500 мыңнан басталып, 2 миллион теңгеге дейін жетеді. Құлақ қалқанының кем-кетігін түзету (отоп­лас­тика) құны – 150 мың теңгеден басталады. Ал ринопластика жасату құны 150 мыңнан басталып, 1 миллионға жетіп жығылады. Маммопластика жасатуға 500 000-2 000 000 теңге қажет болса, іш майын алу (абдоми­ноп­ластика)  500 мыңнан 1,3 млн теңгеге дейін барады. Бөксені өсіру 1 млн теңге тұрады.

Әлемде пластикалық отаға жұм­са­латын қаржының ең көбі Оңтүстік Корея қазынасына құйылады екен. Плас­тикалық отаның отаны саналатын бұл елдің қыз-келіншектері үшін бет-пішінін өзгерту қалыпты құбылыс саналады. Тіпті,  баланың туған күніне ата-анасы ота жа­сатуға арналған сертификат сыйлайтын көрінеді. Толассыз сұраныстың дәлелі болса керек, Сеулдегі бір клиника айына 400, жылына 5 мыңға жуық ота жасаған. Қазақ­стан­да сертификаты бар пластикалық хи­рург­тардың жалпы саны 800 болса, бір ғана Сеул қаласында бұл салада 1 250 маман жұмыс істейді.

Шекара асып, кореялық дәрігер­лер­дің көмегіне жүгінетіндер ара­сын­да отандастарымыз бар. Саумалдан саулық іздеп шетелдіктер біздің елге келіп жатса, қазақстандықтар жат жұрттан жасанды сұлулық сатып алуда. Статистикаға жүгінер болсақ, Оңтүстік Кореяға барып, пішінін өзгерту үшін пышаққа түскен қазақстан­дық­тардың саны соңғы жылдары 15 пайызға артқан. Бұл туралы елімізде өткен Эстетикалық медицина мамандарының конгресіне арнайы келген оңтүстіккореялық дәрігер Со Ман Гун айтқан болатын. Плас­тикалық ота клиникасына басшылық ететін дәрігердің сөзіне сүйенсек, олар көбіне Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Бірақ соңғы жылдары ТМД елдерінен келушілер қатары едәуір көбейген. Әсіресе, пластикалық ота жасататын қазақстандық­тар саны күрт артқан.

«Ота жасатқандар нәтижеге қол жеткіз­ген соң елдеріне оралады. Пациенттің таныстары өзгерісті көріп, қызығушылық та­ныта бастайды. Кім қатардан қалғысы ке­леді?! Бұл енді психологиялық тұрғыда қа­лыпты жағдай. Оның үстіне әйелдер қауы­мы сұлулық үшін бәріне барады. Сосын қар­­жысын жинап, сұлулықты сатып алады. Бүгінде пластикаға сұраныстың артуының се­бебі сол», – дейді оңтүстіккореялық ма­ман.

«Біреу тойып секіреді, біреу тоңып се­кіре­ді» деген осы болса керек, сірә. Қолға қа­лам алғандағы мақсатымыз – біреудің «сұлулығына» сұқтанып, жұмсаған көк қағаздарын санау емес-ті. Ажарланамын деп ажал құшқандардың артқанына алаңбыз. Сол үрей  бізді пластикалық отаның тек кө­легей тұстарын көрсетуге итермелегені рас. Алайда қоғам үшін оның игілігі де көп екенін мойындауға тиіспіз. Дене бітімінде туа бітті кемістігі бар балаларға, түрлі апат­тардан жарақат алған адамдарға үміт сый­лайтын да – пластикалық хирургия. Апат­тардан зардап шегіп, бетінде, денесінде тыр­тық, дақ пен күйік іздері қалған жан­дарда пышаққа түскеннен басқа таңдау жоқ. Ал сіз бен біздің Алла берген он екі мү­ше­міз сау, шүкір. Жоққа қол созамын деп, бары­мыздан айырылып қалмайық…

 

Данияр Байбосынов, пластикалық хирург:

Күніне 10 ота жасауға шамам келеді

– Әрбір отаның үлкен тәуекел екенін түсінген жөн. Пациент тәуекелге дене бітімін тіксе, дәрігер өз абыройын тігеді. Менің жұмысымды 5-6 жылдан бері әлеуметтік желі арқылы бақылап келе жатқан пациенттерім бар. Мен істеген ота нәтижелерін көріп, пікірлерді оқыған соң ғана алдыма келеді. Негізі күніне 8-10 ота жасауға шамам келеді. Бірақ бұл жұмыс сапасына әсер етуі мүмкін. Адам деген темір емес, шаршайды. Сондықтан мен күніне тек 3 отадан ғана жасаймын. Саны аз болса да, сапасы жоғары, пациенттерім де риза.

Әр отаның алдында пациенттер арнайы келісімшартқа қол қояды. Егер ота нәтижесі пациенттің көңілінен шықпаса, біз кеткен олқылықты жөндейміз. Әркімнің ағзасы әртүрлі, сондықтан  бар жауапкершілікті өз мойнымызға ала алмаймыз. Міндеттер де теңдей бөлінеді. Негізінен пациенттер айтқаныңды екі етпейді, дегенмен араларында нұсқаулықты орындамайтындары да бар. Олар үшін неге біз жауап беруіміз керек? Мысалы, кейбірі кір қолдарымен тіккен жіпті ұстайды. Айталық, блефаропластикадан соң бірден кітап оқуға болмайды. Бізде мынадай оқиға болған еді, отадан соң екінші күні пациент кітап оқып жатқанда, кітап бетіне түсіп кетіп, тігісі тарқап кеткен. Осындай қауіп-қатерден аулақ болу үшін дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындау керек.

 

 

Айнұр Әскербекқызы, экономист (өз өтінішімен есімі өзгертілді):

Ота жасатқан соң өмірім өзгерді

– Бір жыл бұрын Алматыдағы жекеменшік клиникалардың біріне блефаропластика жасаттым. Құрбымның кеңесі бойынша таңдалған дәрігердің жұмысы көңілімнен шықты. Бұрын көзім өзіме ұнамайтын. Қабағыма ота жасап, қатпар салдырғалы бері бет-әлпетіме көңілім тола бастады. Бойымда сенімділік пайда болды. Көшеде кетіп бара жатқанда жігіттердің бұрыла қарайтынын аңғарып жүрмін. Бұған дейін өзгенің маған назар аударғанын аса байқамайтынмын. Көп адамның өмірін өзгертіп, арманына қол жеткізуге көмектескені үшін пластикалық хирургтарға тек алғыс айтуымыз керек. Бұрын елімізде мұндай оталар жасауға мүмкіндік болған жоқ. Тек байдың келіншектері ғана шетелге барып, бетін тарттырып, көзін үлкейтіп келетін. Қазір ақша болса, Алматыдан шықпай-ақ қалағаныңды жасатуға болады.

Редакция таңдауы

Шын зиялы кім немесе Ясауи ілімі хақында

Зиялы, зиялылықтың феномен ретінде қоғамда алатын орны мәселесі адамзаттың әртүрлі даму сатысында, әр қоғамда пікірталас көзі болып келді. Бұл мәселенің қазіргі Қазақстан қоғамы үшін...

Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды

Биыл сан ғасыр бойы арман­дап жет­кен Тәуел­сіздігімізге – 30 жыл. Пре­зидент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақаласында еге­мендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға...

Сұрамсақтық неге белең алды?

Қазіргі кезде ақша сұрап, тіленшілік қылған адамдарды көшелерден, жерасты өткелдерінен ғана емес, ғаламтордан, әлеуметтік желілерден де кездестіретін болдық. Үлкен аудиториясы бар өнер жұлдыздары, блогерлердің...

Жүлгелі тарих – жатқа сес

Алаш арысы Міржақып Дулатов: «бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» десе, ақын...
111 1

Үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі...
burkasyn

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей...
566462226233232323

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13...
ma ala

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің...
gwoufywnnvgkywmpj8hkz5tdrby3qktzufpsvblx

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы...

Жаңалықтар

Үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді

2021 жылдың 15 қаңтарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлеуметтік желі арқылы, үзіліссіз он сағат тікелей эфир өткізді. Негізгі мақсат – студенттерге қазіргі оқу...

Еліміздің бірнеше облысында ауа райы бұзылады

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының бұзылатындығы жөнінде Қазгидромет хабарлады. 16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерінде бұрқасын болжанады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жел соғады. Көкшетауда оңтүстіктен...

Ағаштың заңсыз оталуына наразы топ жолды кесілген ағаштармен жауып тастады

Өзбекстанның Қашқадария облысы Карши қаласындағы "Буюк Турон" махалласының шамамен 200 тұрғыны 13 қаңтарда таңертең әуежайға апаратын жолды кесілген ағаштармен жауып тастады, деп хабарлайды Орталық...

Жаңа қаулы: Елордада демалыс күндері ойын-сауық орталықтары істемейді

Нұр-Сұлтан қаласындағы шектеу және карантиндік шаралары туралы қаулы жаңартылды. Оның ішінде: Ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу түріне көшіру; Қалалық қоғамдық көліктің жұмысына жұмыс және...

COVID-19: Екі облыста карантин ұзартылды

Түркістан облысында және Шығыс Қазақстан облысында коронавирусқа байланысты карантин ұзартылды. Бұл туралы екі өңірдің бас санитарлық дәрігерлері шығарған жаңа қаулыда айтылған.  Түркістан облысының бас санитарлық...

Мемлекет басшысы Бақытжан Темірболатты жаңа қызметке тағайындады

Бақытжан Темірболат Тұңғыш президент кітапханасының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда сайты. «Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Берікбайұлы Темірболат «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы»...

Шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық қолғап қолданылған болып шықты

Мәскеуге шетелден жеткізілген 10 миллионға жуық бір реттік қолғаптар қолданылған болып шықты. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзуға әрекет жасау...

Рахым ОШАҚБАЕВ: Саясиландырудың жаңа кезеңі басталмақ

Рахым ОШАҚБАЕВ, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры: –Президент VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында жаңадан сайланған депутаттарға бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді. Мемлекет басшысы аталған міндеттерді...

Президент Премьер-министрді тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Асқар Маминді Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Оқырман назарына құжат мәтінін ұсынамыз.  А.Ұ. Маминді...

Алматы қаласы мәслихатының жаңа хатшысы сайланды

Қалалық әкімдікте VIІ сайланған Алматы мәслихатының бірінші сессиясы өтті, оның барысында мәслихат хатшысы болып Станислав Канкуров сайланды. Станислав Владимирович Канкуров бұған дейін Nur Otan партиясы...

Ғалымдар құлақтағы шуыл денсаулықтағы қандай ақаудың белгісі екенін анықтады

Құлақтағы шуыл денсаулықтағы күрделі ақаудың белгісі болуы мүмкін.  Бұл туралы британдық Express басылымы американдық ғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап хабарлады. Құлақтағы шуыл немесе ғылыми тілмен айтқанда...

Иркутск аспанында метеорит өртенді (видео)

15 қаңтарда таңертең Иркутск қаласы маңында жер атмосферасында толығымен өртенген болидтің құлауы байқалды, деп хабарлайды РИА Новости. https://www.youtube.com/watch?v=zG9xH3Bj55M Бұл туралы ИГУ астрономиялық обсерваториясының директоры Сергей Язев...

COVID-19: Елімізде бір компанияның 47 қызметкері коронавирус жұқтырды

Батыс Қазақстан облысында бір компанияның 47 қызметкерінен коронавирус табылды. БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, Бөрлі ауданында...

Самат НҰРТАЗА, саясаттанушы: Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендету – демократияның жемісі

– Бүгін Президент Қ.Тоқаев Парламент сессиясында сөйлеген сөзінде саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5 пайызға төмендетуіміз керек деді. Менің ойымша, бұл – демократияның...

Дариға Назарбаева Мәжілісте немен айналысатыны белгілі болды

Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты Дариға Назарбаева экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің құрамына енді.  Альберт Рау жетекшілік ететін бұл комитет құрамында барлығы 14 депутат...

Адамның симптомсыз коронавирусты өткергенінің басты белгілі аталды

Адамның жиі шаршап, әлсіздікті сезінуі симптомсыз коронавируспен ауырғанын айғақтауы мүмкін. Бұл туралы Push Doctor мекемесінің бас дәрігері Дэн Банстон айтты, деп хабарлайды Express.  Дәрігердің сөзінше,...

Атырау мұнай өңдеу зауыты ALTAY-45 қысқы дизель отынын шығаруды бастады

Атырау мұнай өңдеу зауыты өнім түрлерін кеңейтті. 2021 жылғы қаңтарда зауытта шекті қату температурасы минус 45˚С болатын Altay - 45 қысқы дизель отынының бірінші...

Локдаунның орнына коменданттық сағат: Шектеу шаралары қатаңдатылады

Оңтүстік Африка Республикасында шыққан коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Францияға кіру тәртібі қатаңдатылмақ. Енді Еуроодақтан елдерінен басқа мемлекеттерден келген азаматтардың барлығы  бір апта карантинге...

Сауд Арабиясында жаңа қала салынады

Сауд Арабиясының билігі жасанды интеллект көмегімен көліксіз және көшесіз қала салуды жоспарлап отыр. Елдің футуристік іскерлік орталығында The Line қаласы пайда болады. Жоба құрылысының басталғаны...

Мәжіліс төрағасының орынбасарлары сайланды

ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым Кесебаева сайланды. Мәжілістің жалпы отырысы барысында Нұрлан Нығматулин өзінің орынбасарлары лауазымына Павел Казанцев пен Балайым...

Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы болып сайланды

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Мәжіліс Төрағасы лауазымына сайланды. «Нұрлан Нығматулин қалада да, министрлікте де, облыста да, партияда да, әкімшілікте де басшы қызметтерде...

Қазақстанда Салық кодексіне ревизия жасалады

VII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Мемлекет басшысы Үкімет экономикалық белсенділікті қолдауға бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жалғастыруы тиіс екенін айтты.  «Фискалдық саясатты жетілдіру аясында Салық...

Ердоған тікелей эфирде коронавирусқа қарсы қытай вакцинасын алды

14 қаңтарда Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған БАҚ-тың қатысуымен коронавирус вакцинасының алғашқы дозхасын алды. Анкара ауруханасындағы  процедура тікелей эфирде көрсетілді, деп хабарлайды aa.com. https://www.youtube.com/watch?v=FAG-fnm4gpk Ердоған қытай...

Мемлекет басшысының VII шақырылымдағы Парламент сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінің толық мәтіні жарияланды. Құрметті отырысқа қатысушылар! Қазақстан Конституциясының 59-бабына сәйкес жетінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясын...

Онлайн петиция институтын заң жүзінде рәсімдеуіміз керек – Президент

VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.  «Өздеріңіз білесіздер, жыл басында кейбір заңнамалық актілерге қоғамдық кеңестер қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен...

KASE: Доллар тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады. Доллар бағамы 14 қаңтар кешімен салыстырғанда 0,37 теңгеге құлдырады, 1 доллар –419,55...

Қ.Тоқаев: Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұр

«2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз», – деді Президент VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында. Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық бағдары...

Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керек – Президент

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясының ашылуында барлық деңгейдегі сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізу керегін айтты. «Шын мәнінде, баламалы пікір және бәріне қарсы...

15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, сотталған бозбала қамаудан босатылды (видео)

Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған 17 жастағы бозбала қамаудан босатылды. Ақтөбе облыстық соты мәліметінше, былтыр шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер...

Мемлекет басшысы VII шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашты. «ҚР Конституциясының 59-бабына сәйкес, 7-шы шақырылымдағы Парламенттің 1-ші сессиясын ашық деп жариялаймын», – деді ҚР...

Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр

Мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев мәлімдеді. Бас...

Шоқыну мерекесінде жаппай шомылуға тыйым салынды – Қарағанды облысы

Қарағанды шіркеу округінің өкілі Александр Угольков пандемия жағдайында Шоқыну мерекесін өткізу тәртібін түсіндірді, – деп хабарлады saryarqa.kz. Облыс әкімдігінің мәліметінше, қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл...

Елордада осы жексенбіде қоғамдық көліктер жүрмейді

17 қаңтар, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қатынамайды. City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір...

Шетелдіктер 5 маусымға дейін ҚР аумағынан шығып кетуі тиіс – СҚО

Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті шетелдік азаматтардың елімізде жүріп-тұру қағидаларына өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Жол жүру құжаты, тұрақты тұруға ықтияр хаты, ҚР визасы, ҚР уақытша...

Өткен тәулікте 835 адам коронавирус жұқтырды

Қазақстанда өткен тәулікте 835 адамда коронавирус анықталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 74, Алматы қаласы - 131, Шымкент қаласы - 25, ...

Талдықорғандық өрт сөндірушілер 4 адамы құтқарып қалды (видео)

Талдықорғанда «Мүшелтой» шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатында орналасқан пәтерде өрт тұтанған. Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртке оранған пәтерден екі ересек адам...

Ермұхамет Ертісбаев: Дәл қазір Премьер-министрді ауыстыру қателік болар еді

Ертең, 15 қаңтарда Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады. Ескі Үкімет жаңа сайланған Мәжіліс депутаттары алдында өкілеттігін доғарып, отсавкаға кетті. Осыған орай сарапшылар жаңа Министрлер...

Шетел сарапшылары: Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіліп, карьерасын аяқтайды

Спорт әлеміндегі түрлі мәселелерге талдау жүргізетін ESPN телеарнасының сарапшылары 2021 жылы кәсіби боксшылар арасында өтетін кездесулерге болжам жасап, соның ішінде көпшілік асыға күтіп жүрген қазақстандық...

Қарабақ – Әзербайжанның жауһары

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі мемлекеттері Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Әзербайжан мемлекеті туралы бірнеше кітаптың тұсаукесері болып...

Шын зиялы кім немесе Ясауи ілімі хақында

Зиялы, зиялылықтың феномен ретінде қоғамда алатын орны мәселесі адамзаттың әртүрлі даму сатысында, әр қоғамда пікірталас көзі болып келді. Бұл мәселенің қазіргі Қазақстан қоғамы үшін...

Тәуелсіздік ұрпақтары ой толғайды

Биыл сан ғасыр бойы арман­дап жет­кен Тәуел­сіздігімізге – 30 жыл. Пре­зидент Қ.Тоқаев «Тәуелсіздік бәрі­нен қым­бат» атты мақаласында еге­мендігіміз бен елдігіміздің тірегі болатын басты бағыттарға...

«Отбасылық мәселеден шаршадым»: Көкшетауда жоғалып кеткен көпбалалы әйел табылды

Көкшетауда үйінен кетіп қалған көпбалалы әйел табылды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаменті. Ведомствоның мәліметінше, биыл 13 қаңтар күні Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне...

Сұрамсақтық неге белең алды?

Қазіргі кезде ақша сұрап, тіленшілік қылған адамдарды көшелерден, жерасты өткелдерінен ғана емес, ғаламтордан, әлеуметтік желілерден де кездестіретін болдық. Үлкен аудиториясы бар өнер жұлдыздары, блогерлердің...

Жүлгелі тарих – жатқа сес

Алаш арысы Міржақып Дулатов: «бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады» десе, ақын...

Қазақстан жеріне 100 миллион қазақ сиятын әлеуеті бар

Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар қандастардың атажұртқа көшіп келе бастағанына да 30 жыл толды. Қазақ көшін жүйелі жүргізуге бірқатар тарихи құжаттар мен оң...

Қырғыздар Ата Заңына Құрылтай институтын енгізбек

«Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ». Әлбетте, бұл ұлы ойшыл ақын, ағартушы Абайдың сөзі. Қырғыз елінің соңғы отыз жылда өткен жолына қырғыздың өз ...

Еліміздің 7 облысында ескерту жарияланды – Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК еліміздің 7 облысында ескерту жариялады. 15 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерде күші 15-20 м/с күтіледі. 15...

Мәжіліс құрамы көп жаңарды

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында 7 пайыздық межеден астам дауыс жинаған «Nur Otan» партиясы – 5 148 074 (71,09 пайыз), Қазақстанның «Ақ жол» демокра­тиялық партиясы...

Елбасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты

«Nur Otan» партиясының төрағасы Парламент Мәжілісіндегі партия фракциясының отырысына қатысты. Отырысты ашқан Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» фракциясының депутаттарын кезекті парламенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да...

Елорда әкімі заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қаладағы заңсыз автокөлік тұрақтарына қатысты өз пікірін білдірді. «Бұл жерде заңға сүйену керек. Қалалық әкімдіктің келісімінсіз автокөлік тұрағы ашылса, демек...

2021 жылдан бастап ЖОО түлектеріне диплом берілмейді – министр

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейтінін айтты. Білім беру мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілген жаңа түзетулер жоғары және жоғары...

Нұрлан Нығматулин «Nur Otan»-ның Мәжілістегі фракция жетекшілігіне ұсынылды

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында жазды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясының парламенттік фракциясының отырысына қатысуда. «Фракция отырысы барысында  партиясының төрағасы Нұрлан...

Әлемдік мұхит деңгейі көтерілді

2020 жылы әлемдік мұхит 230 зета джоуль жылу сіңірген. Бұл бір жарым литрлік 20 млрд шәйнекті қайнатуға жетеді екен. Климатологтардың пікірінше, мұндай рекордтық көрсеткіш ғаламдық...

Дастан ЖӘНІБЕК: Huawei-де жұмыс істеп, ауылдағы бауырларыма көмектесіп отырмын

2020 жылдың екінші жартыжыл­ды­ғында Huawei компаниясы өз тари­хында тұңғыш рет Samsung және Apple кор­по­ра­циясын артқа қалдырып, смартфон­дарды сатудың әлемдік нарығында көш басына шықты. Америка­лық­тар...

Қаңтар-ақпан айында ауа райы қандай болады – Алматы

«Казгидромет» РМК хабарлағандай, 2021 жылдың қаңтары мен ақпанында Алматыда ауа райы құбылмалы болады. Қыстың соңында жауын шашын, қар жылдағыдан көп түседі деп болжанып отыр. «Қазақстанның...

Қазақ киносына не жетпейді, қаржы ма, қабілет пе?

Бүгінгі қазақ руханиятында бас ауыртатын екі мәселе болса, бірі – қазақ киносы шығар. Себебі кино өнер ға­на емес, бизнес, үлкен идеология! Оған көп мысал...

Зей­не­тақы жинағы: тірнектеп жиғанымызды жырымдап қайтара ма?

2021 жылды асыға күткендер көп. Себебі биылдан бастап зей­­нетақы жинағының бір бөлігін бас­па­на алуға, емделуге жұмсауға мүм­кін­дік ту­мақ. Президенттің бұл бастамасы қо­ғам­да бір жыл...

11-сынып оқушысы қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды

Павлодар қаласындағы «Жас дарын» мамандандырылған мектебінің 11-сынып оқушысы Алар Берікұлы қолжазбаны цифрлық форматқа көшіретін қосымша жасап шығарды, – деп жазды Pavlodarnews.kz. Карантин уақытында қашықтан оқып,...

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және оның жұбайы Маргарита Владимировна коронавирус жұқтырды. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады. "Бүгін, 14 қаңтарда...

«СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев «СК- Фармация»-ның бұрынғы басшысы Берік Шәріпке қатысты іс жуырда сотқа жіберілетінін айтты. «Бүгінде тергеу жұмысы аяқталып,...

Қанат Исламның келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды. BoxRec таратқан ақпаратқа сүйенсек, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда...

Сел сергелдеңі: Жамбыл облысында бүтін бір ауылды су басып қалды

Жамбыл облысында сел жүріп, бүтін бір ауыл су астында қалды. Күннің кенеттен жылынуынан Қаратау жотасындағы қар еріп, оған нөсер жауын мен қатты жел қосылған....

Мәслихаттардағы «Nur Otan» фракцияларының құрамы 65 пайызға жаңарды – Б.Байбек

«Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәслихаттарға сайлау қорытындысы туралы желіде жазба жариялады. Ол жазбасында партия фракцияларының құрамына және жаңадан сайланған депутаттардың...

«АрселорМиттал Теміртау» шахтасында апат болды

13 қаңтарда сағат 21.53-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Ленин атындағы» шахтасында апат болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі. «Апат болған кезде үш жұмысшы, атап айтқанда бұрғылау...

Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік мәслихат депутаты болды

Алматы мәслихатына «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.  Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы Саяси кеңесі бюросының 13...

АҚШ тарихында алғаш рет: Трампқа екінші импичмент жарияланды

Дональд Трамптың импичменті күшіне енді. Бұл шешімді Сенат мақұлдауы тиіс, деп хабарлайды ВВС.  АҚШ президентіне импичмент жариялау туралы қаулыға Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси қол...

Коронавирусты асқазан ауруымен шатастырған ер адам ұйықтап жатып қайтыс болды

Ұлыбританияның Херн-Бэй қаласының тұрғыны коронавирусты асқазан ауруымен шатастырып, ұйықтап жатқанында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның қызы айтты, деп хабарлайды KentOnline.  Мишель Киннің 60 жастағы әкесі...

Вакцинаның дұрысы – дертіңе дерт қоспағаны

Коронавирусқа қарсы вакциналардың сынағы бастал­ғаннан-ақ өтірік-шыны аралас ақпарат көбейді. Қай мәлімет рас, қай мәлімет шындыққа жанаспайды – анықтау қиын. Сол себепті де жалпы вакцинаға...

Қазақстанда жаңа кеден бекеттері пайда болды

Қазақстанда 3 кеден бекеті қысқартылып, «Құрық» кеден бекеті мен «Қара шекпен» бақылау-өткізу пункті құрылды. Сондай-ақ «Түркістан-КРО» кеден бекетінің аты өзгерді, деп хабарлайды ҚР ҚМ...

Дәрігер коронавирусты қайта жұқтырудың 5 себебін атады

Иммунолог, медицина ғылымдарының кандидаты Николай Крючков "Комсомольская правдаға" берген сұхбатында коронавирусты қайта жұқтырудың бес себебін атады. Оның айтуынша, індеттен айыққаннан соң ағзада антиденелер көп...

Ел таңдауы – тұрақтылық

Өткен жексенбіде елімізде Парламент Мәжілісі мен мә­сли­хаттар депутаттарының сайлауы өтті. Қазақ­стан­дықтар алдағы бес жыл­да елдің даму бағытын айқындап, мем­лекеттің келешегі үшін келелі ше­шім қабыл­дайтын...

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Қазақстанда өткен тәулікте 834 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 123, Алматы қаласы - 122, Шымкент қаласы - 14, Ақмола облысы...

Банк бөлімшелеріне маска тақпай келген клиенттердің есепшоты жабылады

HSBC банкі өз бөлімшелеріне бетперде тақпай келгені үшін ұлыбританиялық клиенттерінің өмірін қиындатпақ. The Sun хабарлағандай, банк тіпті олардың шоттарын жабуға дайын. Бұл талап медициналық...

АҚШ барлау қызметі Байденді ұлықтау рәсіміне қандай қауіп төнуі мүмкін екенін айтты

АҚШ барлау қызметкерлері Джо Байденді ұлықтау рәсіміне ықтимал қауіп көздерін атады. Бұл туралы New York Times газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.  Америкалық барлау қызметі...

-33 градус: Елордада 0-9 сынып оқушылары мектепке бармайды

Елордада І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды. «14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан...

Президент Парламент сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қаңтар күні жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын өткізу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. * *...

Ақтөбедегі зауытта көз жұмған 5 жұмысшының өліміне қатысты сот үкімі шықты

Ақтөбе хром өндірісі зауытында көз жұмған шахтерлердің ісі аяқталды. Сот цех басшысы мен екі шеберді ақтады. Апаттың орын алауына марқұмдардың өздері деп табылды, деп...

Қызылордада жантүршігерлік жол апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда-Құмкөл автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бес адам көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылғы13 қаңтарда сағат 14:20 шамасында Қызылорда-Құмкөл автожолының 69 км-де «Мерседес...

Индонезия вакцинациялауды жастардан бастады

Индонезияда вирустың тарауын тоқтату және ел экономикасын қалыпқа келтіру мақсатында коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялауда өзгеше әдіс қолданылады. Алғашқы кезеңде егде жастағы адамдарға екпе салудың...

Қазақстандық танымал боксшының үйі өртенді

Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия ойындарының жеңімпазы Ілияс Сүлейменовтің ата-анасы тұратын үйі өртенді. Бұл туралы бокстан әлем чемпионы Біржан Жақыпов өзінің Instagram парақшасында хабарлады. Өрт салдарынан...

Түркіменстаннан Алматыға жеткізілген 18 тонна қызанақтан вирус табылды

Түрікменстаннан Алматыға жеткізілген қызанақтан қатпарлы вирус анықталды, енді 18 тонна қызанақ толықтай жойылмақ. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы...

АҚШ-та 70 жылда алғаш рет әйел адам өлім жазасына кесілді

АҚШ билігі соңғы 70 жылда алғаш рет әйел затын өлім жазасына кесті, деп хабарлайды The New York Times. Сотталған Лиза Монтгомери 2004 жылы жүкті әйелді...

Елімізде коронавирустың екінші толқыны басталды

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Біз екінші толқын екенін түсініп отырмыз......

Мәжілістің толық құрамы белгілі болды

ҚР парламенті Мәжілісінің жетінші шақырылымы депутаттарының толық тізімі шықты. Жаңа Мәжілісте еліміздегі 3 саяси партия мен Қазақстан халқы Ассамблеясының кандидаттары мандатқа ие болды.  Атап айтқанда,...

Британдық коронавирус штаммы Қазақстанда тіркелді ме – Бас санитардың жауабы

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. «Мутация – вирустар эволюциясының табиғи...

4 жастағы қызға сексуалдық озбырлық көрсеткені үшін тәтесі түрмеге қамалды

Душанбе қаласының Сино аудандық соты Турсунзаде қаласының 25 жастағы тұрғынын төрт жастағы қызға сексуалдық озбырлық жасағаны үшін 11,5 жылға соттады, деп хабарлайды Орталық Азияның...

«Билет алып қойдым»: Навальный Ресейге қашан оралатынын айтты

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный туған еліне қайта оралмақ. Саясаткер Instagram-дағы парақшасында 17 қаңтарда Мәскеуге ұшатын рейске билет алғанын мәлім етті.  "Қайтам ба, әлде қалам ба?"...

Елімізде «Ашық үкімет» платформасы құрылды

Қазақстанда «Ашық үкімет» платформасы құрылды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook парақшасында жазды. Министрдің жазуынша, аталмыш жоба...

Әлемдегі өмір сүруге ең қолайлы шағын қала анықталды

Португалияның Порту қаласы Small Cities Index деп аталатын шағын қалалар рейтингінде бірінші орыннан көрінді. Рейтинг шағын қалаларды өмір сүруге ыңғайлылығы тұрғысынан бағалайды, деп хабарлайды...

«Қайрат» футболшысы XXI ғасырдың үздік шабуылшылары тізіміне енді

Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясы XXI ғасырдың үздік шабуылшыларының тізімін жариялады. Оған 2001 жылдың 1 қаңтары мен 2021 жылдың 1 қаңтары аралығында жоғары дәрежедегі...

Биолог коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты

Эволюциялық биолог Георгий Базыкин коронавирус мутациясын тоқтатудың жолын айтты. Ғалымның пікірінше, бұл үшін оның планетадағы санын азайту қажет, деп жазады "Комсомольская правда".  Мысал ретінде Базыкин Даниядағы...

Ұлы берген қарапайым сыйлықтың арқасында анасы 418 млн теңге табыс тапты

АҚШ-тың Миссури штатындағы Седалия қаласында ұлы анасына қарапайым рождестволық сыйлық арқылы баюға көмектесті. Бұл туралы UPI порталы хабарлады. Триша Миллер (Trisha Miller) Рождествоға сыйлық ретінде...

«Өте жедел!». Қазақстандық ғалым адамзатқа төнген жаһандық күйзеліс қашан болуы мүмкін екенін айтты

Күнделікті тұрмыста адам өзінің қоршаған ортаның, жер және оның қойнауының бөлшегі екенін сезіне бермейді. Өткен ғасырдың ортасында қарқын алған ғылыми-техникалық дамудың зардаптарынан, алғашқы адам...

Қырғызстандағы тау-шаңғы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды

Қырғызстандағы Қаракөл тау шаңғысы базасында қазақстандық жасөспірім мерт болды. Бұл ақпаратты ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров растады. «Қазақстан консулы қаза тапқан баланың...

Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліске өткен депутаттар тізімі жарияланды

Қазақстан Халық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымына өтетін 10 депутаттың аты-жөні жарияланды. Сәрсенбіде өткен съезде партия мүшелері өткен сайлаудың қорытындысын талқылады. Осылайша, депутат мандаты...

Қазақстандықтар көбінесе ем алу үшін пара береді – зерттеу

«Transparency Kazakhstan» ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян жемқорлыққа қатысты арнайы зерттеу қорытындысын жариялады. Оның айтуынша, азаматтар көбінесе ем алу немесе емделуге жолдама алу (12,7%), жұмысқа...

«Некелерімді санамай, баталарыңызды беріңіздер!». Ақбота Керімбекова басшылық қызметі жайлы пікір білдірді

Жақында ғана Шымкент қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары қызметіне тағайындалған белгілі әнші Ақбота Керімбекова өзін «бұл қызметке лайық емес» деп сынағандарға жауап берді. «Бүгінгі мен...

Ақпан айынан бастап жылу бағасы арзандайды

Қостанайда жылу тарифі ақпан айынан бастап төмендейді. Бұл туралы облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің мамандары айтты. Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Ақан Ташпановтың мәліметінше,...

Қалың қар жауады: Қазгидромет бірқатар өңірде ескерту жариялады

Қазгидрометтің мәліметінше, ел аумағының басым бөлігіне Атлант циклоны әсерін әлі де тигізеді, соған байланысты 13-14 қаңтарда қалың қар және қар аралас жаңбыр жауады. Еліміздің кей...

Данияр Елеусінов: Головкин маған ренжіп жүрген сияқты, менің оған еш өкпем жоқ

Қазақстандық танымал боксшы, қазір АҚШ-та тұратын Данияр Елеусінов журналист Нұрсұлтан Құрманмен болған сұхбатында Геннадий Головкинге қатысты, отбасы мен АҚШ-тағы өмірі жайлы айтты.  Бұл туралы stan.kz жазды....

Көп оқылды

Аяз қайта оралады: Синоптиктер алдағы үш күннің ауа райын болжады

12-14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады, ауа райы құбылып, температура төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" мамандары хабарлады. Болжамға сәйкес, 12 қаңтарда солтүстікте жаяу бұрқасын соғып,...

Атыраудан табылған «темір сауытты» баһадүрдің бас сүйегіне шетелдік ғалымдар қызығушылық танытып отыр

«Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Венгрия Республикасының антрополог және археологтарын қабылдады»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. Мажарстанның ғалымдары Атырауға арнайы мақсатпен келген. Олар Қызылқоға...

Ермұхамет Ертісбаев: Дәл қазір Премьер-министрді ауыстыру қателік болар еді

Ертең, 15 қаңтарда Үкіметтің жаңа құрамы белгілі болады. Ескі Үкімет жаңа сайланған Мәжіліс депутаттары алдында өкілеттігін доғарып, отсавкаға кетті. Осыған орай сарапшылар жаңа Министрлер...

Қатаң карантин: 24 қаңтарға дейін базарлар мен кафелердің жұмысы тоқтайды

Украинада қатаң карантин басталды. Шектеу шаралары 24 қаңтарға дейін созылады. Тиісті шешім өткен жылдың желтоқсан айының басында қабылданды, деп хабарлайды елдің Денсаулық сақтау министрлігі.  Елдегі...