Қытайдан коронавирус жұқтырып келді деген күдікпен карантинге жабылған қыз қашып кетті

Қытайдан коронавирус жұқтырып келді деген күдікпен карантинге жабылған қыз қашып кетті

Қытайдан коронавирус жұқтырып келді деген күдікпен карантинге жабылған қыз қашып кетті
ашық дереккөзі

Санкт-Петербургтегі Боткинск ауруханасынан қашып шыққан бойжеткеннің басы дауға қалды. 30 қаңтар күні Қытайдан оралғаннан кейін аталмыш ауруханаға жатқызылған Алла Ильина ақ халаттылардың күштеп ұстауына көнгісі келмеген. Бұл туралы  Рамблер хабарлады. 

Коронавирус індеті өршіп тұрған елден оралған бойжеткен тамағы ауырғандықтан дәрігердің көмегіне жүгінген. Науқастың сөзінше, ақ халаттылар оған сараптама тапсыру үшін бір күн ауруханада жату керегін ескерткен.

Дегенмен содан кейін аруды күштеп медициналық мекемеде қалдыруға тырысыпты. Медициналық қызметкерлер оның палатасындағы есікті магниттің құлыппен жауыпты деп жазады lenta.ru.

Дәрігерлер Аллаға қалам мен парақ беріп, ауруханада жатудан бас тарту туралы өтініш жазуын сұраған кезде бойжеткен мекемеден қашып кеткен. Ол өзінің электромагниттік құлпының сымдарын үзіп, палата есігін ашып, сыртқа шығыпты.

Енді Санкт-Петербургтің бас санитар дәрігері Алланы сотқа бермек.