Жаңалықтар

Алматыға Қытайдан 211 адам жеткізілді

ашық дереккөзі

Алматыға Қытайдан 211 адам жеткізілді

Бүгін Алматы халықаралық әуежайына Қытайдан 211 жолаушысы бар рейс келді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  Қытайдан келген ұшақтағы жолаушылардың 171-і Қазақстан, 40-ы Қырғызстан азаматтары. Бұл ҚХР-да коронавирусты инфекцияның шығуына байланысты ҚР азаматтарын Қазақстанға жеткізген соңғы рейс. Мамандардың айтуынша, келгендердің жағдайы қанағаттанарлық. «Келген бетте қазақстандықтарды жұқпалы аурулар емханаларына апарды, ал Қырғызстан азаматтары қырғыз тарапына берілді және Қырғыз Республикасының аумағына жеткізілді. Карантин жарияланған жерден келген жолаушылар жұқпалы аурулар емханасының аумағындағы мамандандырылған бокстарға оқшауланады. Санитарлық және шекара қызметінің қызметкерлері, экипаж, медицина қызметкерлері ұшақты әуежай аумағындағы жеке аймаққа отырғызу кезінде, сондай-ақ пациенттерді жеке бағыт бойынша оқшаулау және карантиндеу процесінде коронавирусты инфекциялардың таралуына жол бермеу бойынша барлық эпидемияға қарсы шараларды сақтағанын атап өткен жөн. Ұшақ бортында жолаушылар термометрия әдісі бойынша үш кезеңнен тұратын тексеруден өтті», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.