Токиода әлемдегі ең биік ғимарат бой көтереді
Токиода әлемдегі ең биік ғимарат бой көтереді
Жапониялық сәулетшілер әлемдегі ең биік ғимарат салмақ. Биіктігі қазіргі кезде әлемдегі ең биік ғимарат саналатын Дубайдағы Бурдж-Халифадан (биіктігі 828 метр) екі есе биік болатын зәулім кешеннің биіктігі 1700 метрді құрайтын болады, деп хабарлайды Daily Mail-ға сілтеме жасаған tengrinews.kz. Токионың орталығында орналасатын ғимарат Sky Mile деп аталады. Кешен жасанды аралдармен қоршалады. Ғимарат 50 мың адамға есептеліп салынбақ. Дерек көзі таратқан ақпаратқа сүйенсек, зәулім үй желге төзімді болады. Кешенде адамдар тұратын орындардан бөлек сауда орталықтары, мейрамханалар, қонақүйлер, спортзалдар, кітапханалар мен емханалар орналасады. Ал лифттер қалыптағыдан өзгеше, горизонталь бағытта жұмыс істейді. Жоба жетекшілері кешенді экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр екен. Сондай-ақ, сәулетшілер ғимараттың жер сілкінісі, тайфун сияқты табиғи апаттарға төзімді болуын басты назарға алады. Құрылыспен Kohn Pedersen Fox Associates және Leslie E. Robertson Associate компаниялары айналыспақ. Кешен құрылысы 2045 жылға таман басталады деп жоспарлануда.