"Үркер" журналына жаңа бас редактор тағайындалды

"Үркер" журналына жаңа бас редактор тағайындалды

"Үркер" журналына жаңа бас редактор тағайындалды
ашық дереккөзі
Белгілі жазушы, публицист Жаңабек Шағатай «Қазақ газеттері» серіктестігіне қарасты басылым – "Үркер" қоғамдық-саяси, әдеби журналының бас редакторы қызметіне тағайындалды.  Жаңабек Баққондыұлы 1961 жылдың 1 қаңтарында Жамбыл облысы, Талас ауданының Үшарал ауылында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі. Ауыл шаруашылығы саласында, кұрылыста жұмыс істеген. 1985 жылдан бастап "Жалын" баспасының аударма бөліміне редакторлық қызметке кабылданды. Мұнда ол Жоғары сынып оқушылары, жасөспірімдер мен жастарға арналған көптеген көркем және танымдық, шытырман оқиғалы, фантастикалық кітаптардың редакторы болды. Өзі орыстың белгілі жазушысы Юрий Нагибиннің "Протопоп Аввакум" атты әңгімесін, С.Ивановтың бірқатар әңгімелерін қазақшаға тәржімалады. 1990 жылы "Қазақ әдебиеті" газетіне қызметке ауысып, одан кейінгі жылдарда "Халық конгресі" газеті, "Парасат" журналында әртүрлі қызметтер атқарды. 1994 жылдан бері "Түркістан" халықаралық газетінде еңбек етті. Тілшіліктен бастап, Бас редактордың орынбасары, Бас редактор қызметтерін атқарды.