Түркиядан келген қандастар қазақ екенін неге дәлелдей алмай жүр?

Сондай-ақ!

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Түркіменстан президенті есірткі жағатын пеш ашты

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтан солтүстікке қарай 100 шақырым жерден есірткі жағатын жаңа кешен ашты, деп хабарлайды Хроники Туркменистана басылымы. Басылымның хабарлауынша, мұнда орнатылған үш...

Пандемиядан кейінгі шетелдегі қандастардың әлеуметтік-экономикалық ахуалы қандай?

Шетелде тұратын қандастардың жоғары іскерлік белсенділігі Қазақстан үшін отандық өнімнің экспорттық әлеуетін дамыту, озық технологиялар (білім) трансферті мен инвестициялар тарту үшін үлкен мүмкіндіктер ашады....

Анамның батасын алмай жарысқа шықпаймын

Құрманбек ТҰРҒАНБЕК, «Алтын тұғыр» номинациясының екі дүркін иегері: Көкпардан ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, «Ғасыр ойыншысы», «Жылдың ең үздік ойыншысы» атанған жас көкпаршы Құрманбек Тұрғанбек...

Тәуелсіздік алған жылдарда атажұртқа ағылған Түркия қазақтарының көші біршама саябырсып қалғаны жасырын емес. Әуелі Түркия қазақ­тары­на сәл тарихи шегініс жасасақ.

1930 жылдардың екінші жартысында Шығыс Түр­кістан­нан үдере көшкен қазақтар Қытайдың Гансу, Шын­қай өлкесінен өтіп Гималайдан асып, Такламакан шөлін ба­сып, Үндістан мен Пәкістан арқылы (1950 жылдары) Түр­кияға жетті. Бұл көш тарихы – ағылшын журналисі Годф­ри Лайастың «Аспантау асқан үркін көш» (1956 жыл, Лон­дон) және жазушы Хасен Оралтайдың «Елім-айлап өт­кен өмір» (1999 жыл, Стамбұл) атты еңбектерінен белгілі.

Алтайдан Анадолыға жеткен қазақтың көшін 1940 жыл­дары Елісхан тәйжі, Құсман Зайыпұлы және 1950 жыл­дары Дәлелхан Жанымханұлы, Қалибек, Құсайын, Сұлтан­шәріп, Нұрғожай батыр қатарлы азаматтар бастап барды.

Олардың саны жайлы нақты дерек жоқ. Тек 20 мыңнан 50 мыңға дейінгі әртүрлі болжамды сан бар. Алайда Ана­долыға аман жеткен қазақтың саны – 1 850 адам.

Түркияға қазақтар екі жолмен көшіп барды. Біріншісі  Алтай­дан ауған қазақтар. Олар – Пәкістан мен Үндістан ар­қылы Түркия жеріне жеткен қазақтың ұрпағы болса, екін­ші көш  Ауғанстан жеріндегі соғыстан босқан қазақтар. Олар Қазақстанда Кеңес үкіметі орнатылып, колхоздандыру кезеңінде еліміздің Қармақшы, Жалағаш аудандарынан көшкен.

1991 жылы Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған кезде ең бірінші болып таныған – бауырлас Түркия елі. Содан бері екі елдің достық, туыстық қарым-қатынасы берік. Оның бір көрінісі – Түркия қазақтары тарихи Отанымен ке­дергісіз байланыс жасап келді.

Түркиядағы қазақтар қауымдастығының берген мә­лiметi бойынша, бүгiнде Стамбұлдың Зейтiнбұрны ауданын­да 13 400-дей қазақ тұрса, Гүлеш ауданын 6 000 қа­зақ мекендейдi. Сапагөй, Шекпенжер ауданда­рында – 1 500-2 000, Измирде 1 000 қазақ тұрады. Жал­пы, Түркияда 30 мыңнан астам қандасымыз өмір сүреді деген болжам бар.

Алғаш 1953 жылы Пәкістаннан барған қазақ­тардың аты-жөндері қазақша болған. Бірақ Түркияда аза­мат­тық берген кезде өзге ұлт өкілдері арнайы әзірлен­ген фамилия таңдап алады. Бұл Түркияның заңымен бекі­тіл­ген. Қазақтардың да көбінің есімдерін қазақша қалды­рып, тегін «түріктендірген».

1992 жылы атамекенге отбасымен көшіп келген белгілі дін қайраткері, «Алаш» сыйлығының иегері, қари Халифа Ал­тай Құранды қазақ тіліне аударды. Елге келіп, руханият саласында елеулі қызмет атқарды. Сонымен қатар Мұстафа Өзтүрік (Мұстафа Кәбенұлы Әбдірахман (23.11.1954-15.03.1995) – белгілі спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан иегері, халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы елге ке­ліп, Қазақстан таэквондо (WTF) федерациясының негізін қалады.

2008 жылдан бері Батыр Хамзаұлы, Хайролла Мұхам­мед­ұлы және Фетих Алтай есімді үш қандасымыз тарихи Отанға түп­кілікті қалғысы келген. Бірақ олардың айтуына қарағанда, кейбір кедергілер бар көрінеді. Фетих Алтай  былтыр елордада үйленді. Ал Батыр мен Хайролла – әлем­нің талай бәйгесінде топжарған суретшілер. Бірақ ата­жұртқа бірге қоныс аударған  3 қандасымыз азаматтық де­ген бір жапырақ куәлікті әлі ала алмай жүргені қын­жылтады.

Азаматтығы жоқ азамат

Түркиядан келген қандастар қазақ екенін неге дәлелдей алмай жүр?

Суретші Батыр Хамзаұлы 1985 жылы Түркиядағы Алтай ауылында туған. 2011 жылы Қазақстанға қоныс аударған. «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында келгендіктен, алғашқы жылы азаматтыққа тапсырған. Оралман куәлігін алған. Әрі қарай азаматтық алуға қажетті құжаттарды жинау туралы көші-қон қызметкерлері ескертпеді дейді. Сөйтіп жүргенде оралман куәлігінің уақыты өтіп кетеді. Біраз жыл туристік визамен жүріпті. Кейін 2018 жылдан бастап этникалық қазақтарға арналған визаға ауыстырған.

Батыр Хамзаұлының айтуына қарағанда, азаматтыққа тапсырған кезде көші-қон қызметі ұлты қазақ деген анықтама сұраған. Бұрын Түркиядағы қазақтар қауымдастығы немесе кейбір елшілік танитын қорлар бұл анықтаманы беріп келген. Қазіргі көші-қон жүйесі бұл анықтамаларды қабылдамай отыр дейді.

– Көші-қон қызметі Түркияның ресми органдарынан анықтама әкел дейді. Бірақ Түркияда ондай анықтама беретін орын жоқ. Содан мен Түркиядағы азаматтарды тіркеу архивінен қазақ екенімді дәлелдеу үшін анықтама сұраттым. Олар менің Семейден Тарбағатайға, Тарбағатайдан 1950 жылдары Пәкістан арқылы барған ата-бабаларымыздың аты-жөндерін жазып берген. «Бұл жерде ұлты қазақ деген сөз жоқ» деп, бұл жақтың Көші-қон қызметкерлері тағы да қабылдамай отыр, – дейді қандасымыз.

Былтыр үйленген Фетих Алтай да оралман мәртебесін ала алмай жүр.

«Өткенде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығына және «Отандастар» қорына барып кеңес сұрадық. Олар да біздің мәселемізді түсінбейтін тәрізді. Өйткені әлі бір нақты кеңес бере алмай отыр», – дейді суретші Батыр Хамзаұлы.

Оның айтуына қарағанда, мұндай қағазбастылық Еуропа жақтан келетін қазақтар көшіне біршама кедергі келтіруде.

Әлбетте, Түркия секілді дамыған елдегі қазақтар атажұртқа еріккеннен немесе күнін көре алмағаннан көш түземейді. Бәрі де ұрпақтың ұлт болып ұйысуының қамы…

Редакция таңдауы

Қандасымыз мемлекеттік сыйлық иегері атанды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы  Ұлттық   ғылым   академиясының ...

Дерт дендеп тұрса да, думан-тойға миллиондап шашпақ

Коронавирус әлемге кесірін тигізудей-ақ тигізді. Жо­ғалт­­қанымыз көп. Алайда тапқа­ны­мыз да аз емес: денсаулық­тың қадірін, жақынымыз­дың баға­сын, қолда бардың құнын білдік. Көрпемізге қарап көсілуді үйрендік,...

Ауа газға, су зәрге айналса…

Жер басып жүрген пенде үшін негізгі тіршілік тірегі − ауа мен су, сондықтан оны таза сақтау адамзаттың ең бірінші міндеті екені ес білгелі құлағымызға...

Партиялар «парады»

2021 жылғы 10 қаңтарда қазақстандықтар Мәжіліс депутаттарын сайлайды. Соңғы 17 жылда алғаш рет өз уақытында өткелі отырған бұл саяси додадан сайлаушылардың  күтері көп. Ең...

Теңіз кенішінде індет қайта өршіді: Бір топ дәрігер көмекке жіберілді

COVID-19-бен ауырған науқастардың көбеюіне байланысты Теңіз кенішіне қосымша мамандар жіберу туралы шешім...

Жоғалған телефонының орнын толтыру үшін жалған шағым жасаған қыз ұсталды

Елорда полицейлері ұялы телефонымды ұрлады деп жалған шағым түсірген 23 жастағы қызды...

Туды қандай жағдайда балконға ілуге болмайды – министр тәртіпті түсіндірді

Жуырда ел тұрғындарына мемлекеттік туды үйлердің қасбеті мен балконға ілуге рұқсат етілген...

«Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды

Биыл 10-мәрте өткізілген «Халықтың сүйіктісі» Ұлттық сыйлығының лауреаттары белгілі болды.  Биыл мына азаматтар...

Túrkistan газетінің тілшісі «Алтын тобылғы» байқауында топ жарды

Нұрсұлтан Назарбаев қоры «Алтын тобылғы» әдеби байқауын қорытындылады. Жүлде «Жылдың үздік прозасы», «Жылдың...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...